Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2018

«Татуласу орталығы» ашылды

1062 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Медиация институтын жан-жақты насихаттау, ел ішіндегі кейбір түсініспеушіліктің тігісін жазып, адамдардың арасындағы ауызбірлікті нығайту мақсатында Атбасар ауданының халыққа қызмет көрсету орталығында «Татуласу орталығы» ашылды.   

 «Татуласу орталығы» ашылды

Аталған татуласу орталығы облыста тұңғыш рет ашылып отыр. Облыс бойынша кәсіби емес медиаторлар ауданда жетер­лік. Олар «Медиация туралы» Заң­ның артықшылықтарын, бұл істің өте маңызды екендігін халыққа түсіндіруде. Атбасар аудандық сотының төрағасы Нұрлан Бекенов бітімгершілік рәсімдері тараптар арасында түсіністік орнату және екі жаққа да тиімді жол табу барша халық үшін қолайлы екендігін айтады.

Тіршілікте кейбір түсініс­­пеу­шіліктердің болып тұруы заңды. Даудың ушығып кетпеуі үшін та­туласу орталығы маңызды рөл атқарады. Медиаторлар да өмір­лік тәжірибелері мол, қиын­нан қисын таба алатын тә­жі­рибелі адам­дар. Олар әр дауды егжей-тег­жейлі зерттеп, себептері мен сал­дарын анықтап, әділ шешімін шы­ғар­мақ. Осылайша ел ішіндегі ын­ты­мақ өрістеп, татулық нығая түседі.

Жаңа орталықтың ішін­де медиация және оның артық­шы­лықтары туралы материал­дар жеткілікті. Жаңа жиһаздармен жабдықталған. Іші кірсе шық­қы­сыз бөлмелерінен ізгіліктің ізетті лебі есіп тұрғандай. Алдағы уақытта бір-біріне өкпесі қара қазандай болып, қабағынан қар жауып келген адамдар өзара тіл табысып, шаруалары шешілген соң жадырап қайтатын болады. 

 

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы

Соңғы жаңалықтар