Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2018

Солтүстік Қазақстанда аудан әкімі парамен ұсталды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамлют ауданының әкімі Жастілек Сыздықов пара алу кезінде ұсталды.

Солтүстік Қазақстанда аудан әкімі парамен ұсталды

Мемлекеттік қызметшінің былығын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы облыстық департаментінің қызметкерлері әшкереледі.

Ведомоствоның баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша аудан әкімі жергілікті серіктестік директорының мүддесін қорғаймін деген желеумен одан 185 мың ресей рублін талап еткен. 40 жастағы лауазым иесі кінәсін толық мойындағандықтан қамауға алынған жоқ.

Еңбек жолын қарапайым есепшіден бастаған айыпталушы әр жылдары аудандық деңгейде түрлі қызметтер атқарған.  2018 жылдың қаңтарында Мамлют ауданының әкімі болып тағайындалған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы