Бокс • 06 Қыркүйек, 2018

Элистада қос боксшымыз финалға шықты

131 реткөрсетілді

Бұл күндері Ресейдің Элиста қаласында өтіп жатқан студенттер арасындағы әлем біріншілігінің финалында Қазақстанның қос боксшысы жолдама алды. Олар – ақтөбелік Абай Қуандықов пен атыраулық Бекболат Құрамысов.    

52 келі келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Абай Қуандықов жартылай финалда Жапонияның өкілі Нагакаки Рюуаторны ұтты. Енді ол ақтық сында Ниен Шин Шенмен кездеседі. Тайпейлік боксшы өз кезегінде ирландиялық Несбит Риккиден айласын асырды. 69 кило салмақтағы Бекболат Құрамысов дәл осы межеде польшалық Вашала Филипке адым аштырмай, күмәнсіз жеңіске жетті. Финалда ол да Тайпейден келген былғары қолғап шеберімен шеберлік байқасады. Аралдық елдің өкілі жартылай финалда ойда-жоқта жергілікті боксшы Әкім Набиулинге сан соқтырып кетті. Ал 60 кило салмақтағы Ержан Ордабаев Ресей чемпионы, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Габил Мәмедовқа есе жіберіп, қола медальді қанағат тұтты.

Бір айта кетерілігі, Абай Қуандықов үшін Элистадағы дода студенттер арасындағы алғашқы сынақ болса, Бекболат Құрамысов бұған дейін де талай дүбірлі дүрмекте өнер көрсеткен. Атап айтар болсақ, елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы Дастан Сәдуақасовтың шәкірті 2016 жылғы Душанбедегі Азия біріншілігінде қола медальді иеленсе, Чианг-Майдағы әлем чемпионатында күміс жүлдені олжалаған.          

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Әрбір донор – батыр

Медицина • Бүгін, 17:07

Дарынды түлек Дарина

Қазақстан • Бүгін, 15:36

Арыста медициналық штаб құрылды

Аймақтар • Бүгін, 13:23

Дзюдошылар үш жүлде алды

Спорт • Бүгін, 12:43

Көкке қол созған саңлақ

Қоғам • Бүгін, 10:18

Қараша қазға қамқорлық

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Қаламгерлер арасындағы турнир

Қазақстан • Бүгін, 10:14

Айбынды жастар анықталды

Қазақстан • Бүгін, 10:10

«Ақбас» тұқымынан артығы жоқ

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Электронды сауда қызып келеді

Қазақстан • Бүгін, 10:01

Тіл – ортақ, тілек – бір

Қоғам • Бүгін, 09:55

Серт пен сенім

Президент • Бүгін, 09:35

Елден елдің несі артық?

Қоғам • Бүгін, 09:28

Жаңа технологиялық соғыс

Әлем • Бүгін, 09:21

Ұқсас жаңалықтар