Хоккей • 06 Қыркүйек, 2018

«Барыс» биылғы маусымды ірі жеңіспен бастады

91 реткөрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) биылғы маусымын Астананың «Барысы» ірі жеңіспен бастады. Өзінің тұсаукесер кездесуін Нижнекамск қаласында жергілікті «Нефтехимик» клубына қарсы өткізген жерлесіміз 6:1 есебімен жеңіске жетті. 

Бұл команданы біраз жылдан бері «Барыстың» бұрынғы бапкері Андрей Назаровтың жаттықтыратыны белгілі. Алғашқы ойында олар өз айдынында Подольскінің «Витязь» клубына ұтылған болатын. Жергілікті хоккейшілер бұл жолы қайткенде де өз көрермендерінің сенімін ақтау үшін барын салатынын алғашқы минуттарда аңғартқан еді. Бірінші кезеңде қос команда қанша жанталасқанымен, бір-бірінің осал тұсын таба алмады.

Үзілістен кейін жағдай күрт өзгерді. Қаһарына мінген қонақтар жиі шабуылдап, айналдырған үш минут аралығында қатарынан рет нысаны дәл көздеді. Бұл голдың авторлары – Патрис Кормье мен Даррен Диц. Ал үшінші кезеңде Роман Старченко, Андре Петерссон, Павел Акользин және Мэттью Фрэттин мергендік танытса, айдын иелері оларға бір ғана шайбамен жауап қайтаруға жарады.

Осылайша, «Барыс» биылғы ҚХЛ-дың тұрақты біріншілігін айқын жеңіспен бастады. Ертең біздің жігіттер Қазанда Гагарин кубогының иегері «Ақ Барсқа» ойнайды.     

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Әдеби өлкетану» - жаңа жоба

Аймақтар • Бүгін, 09:30

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Кеше

Ұқсас жаңалықтар