Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2018

Оралда күрделі жөнделген көпір пайдалануға берілді

109 реткөрсетілді

Орал қаласында «Депо көпірі» аталып кеткен теміржол өткелі күрделі жөндеуден соң қайта пайдалануға берілді. Құрылысы екі жылға жоспарланған нысан уақытынан бұрын тапсырылып отыр.

Көне газет беттерін парақтасақ, Орал қаласында 1960-1970 жылдары осындай өткел көпірлердің салынуы үлкен оқиға, қала дамуының көрінісі ретінде аталып өтіпті. Расында да облыс орталығын айқыш-ұйқыш кесіп өтетін теміржол торабы автокөлік жолымен қиылыспай, бір-біріне кедергі келтірмеуі қауіпсіздік үшін де, уақыт ұту үшін де қажетті шара ғой. Бүгінде ірі мегаполистерде бағдаршам азайып, автокөлік жолдарының өзі бір-біріне кедергі келтірмеуі қатаң қадағаланады.

Біз айтып отырған Депо көріпі 1965 жылы салынған екен. Орал теміржол вокзалының дәл іргесінде тұрған күрделі нысан. Астынан алты торап шойын жол өтетін көпір Оралдың ең үлкен екі ауданын бір-біріне жалғайды. Күні-түні қолданыстан әбден тозығы жеткен көпір соңғы жылдары іргесі сөгіліп, сымдары шығып, шаршағаны білініп-ақ жүрген еді. Қазіргі көлік тасқынының да нөпірі бөлек қой. Көпірдің кілт бұрылысында жол-көлік оқиғасы болып, көлік құлап кеткен оқиғалар да кездесті.

Депо көпірі 2017 жылы 1 наурызда жөндеуге жабылды. Шынын айту керек, автобус маршруттары өзгеріп, айналма жолдарға салмақ түсіп, оралдықтар үшін өте қолайсыз жағдай болды. «Жөндеу жұмысы екі жылға созылады» деген хабар да қиын тиді. Көпірді күрделі жөндеу жұмысымен «КА Строй ЛТД» ЖШС айналысты. «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в" компаниясы қаржыландырған жұмысты күрделі жөндеу дегеннен гөрі жаңа нысан десе де болады – өйткені бұрынғы көпірдің орнында тұрғаны болмаса түгелімен жаңа құрылыс. Ұзындығы 536 метрлік көпірдің ені екі еседен артық кеңіп, бұрынғы екі жолақтың орнына төрт жолақты жол пайда болды. Жаяу адам жүретін қосымша соқпақ та қарастырылған.

Екі жылға жоспарланған құрылыс 17 айда бітіп, бүгін «Қала күні» мерекесі аясында қайта пайдалануға берілді. Жаңа көпірден алғашқы болып өткен көліктер бұл оқиғаға ерекше шаттанып, көлік дабылын басып, азан-қазан, у-шу той болды.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Орал қаласы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Сексеуіл, тораңғы және ілбіс

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар