Әлем • 10 Қыркүйек, 2018

Калифорнияда орман өрті өршіді

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Калифорнияның солтүстігіндегі орман өрті ырық берер емес, деп хабарлайды 24kz. 

Калифорнияда орман өрті өршіді

Соңғы мәлімет бойынша жалын 12 мың гектар жерге дейін жетті.

Өртті сөндіруге 2 мыңға жуық маман мен тікұшақтар жұмылдырылды. Бірақ күннің қолайсыздығы өрт сөндірушілердің жұмысына кедергі келтіріп тұр.

Аймақтан жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді.