27 Желтоқсан, 2011

Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын салымшылар пайдасына аудару

296 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
«Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы За­ңының 2-бабы, 1-тармағына сәйкес Қа­­­­зақстан Республикасы азаматтары за­ң­­намамен бекітілген тәртіппен зейнет­ақымен қамтамасыз етілуге құқылы. Аталған Заңның 22-4-бабы, 2-тар­мағы бойынша міндетті зейнетақы жарнасын (бұдан әрі – МЗЖ) толық және уақтылы аудармаған жағдайда, салық органдары пайда болған қарыз шегінде агенттің банктегі шотта­ры­нан өндіріп алуға құқылы. МЗЖ бойынша қарызды өндіру «жинақ­тау­шы зейнетақы қорларына аударылуға тиіс МЗЖ сомасы туралы» хабарлама негізінде жүзеге асады. Агент хабарламаны алғаннан кейін бес күн ішінде салық органына ӘЖК, СТН, аты-жөні, туған күні және сомасы көрсетілген салымшы­лар­дың тізімін жолдауға міндетті. «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңның 22-бабы, 3-тарма­ғы­на сәйкес МЗЖ төлеуден келесі тұл­ғалар босатылады: зейнет жасына тол­ғандар, мүгедектігі мерзімсіз берілген І және ІІ топтағы мүгедектер, әскери қызметкерлер, ішкі істер ор­ганының және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі коми­теті­нің қызметкерлері, қаржы полициясы органының және арнайы дәрежесі бар мемлекеттік өртке қарсы қызме­тінің қызметкерлері. Салымшылар тізімі тапсырылған жағдайда агенттің банктегі шотта­ры­нан өндіру салық органының инкас­салық өкімі негізінде жүзеге асады. Агент салымшылардың тізімін тап­сырмаған жағдайда, салық орга­нының өкімі негізінде банктер және банк қызметін атқарушы мекемелер МЗЖ, міндетті әлеуметтік төлемдер және салықты өтеуден басқа барлық шығыс операцияларды тоқтатуға міндетті. Банктегі шығыс операция­ла­рын тоқтату туралы салық органы­­­ның өкімін тек сол салық органы заң бұ­­­зу­шылық жойылған соң бір жұмыс кү­­нінен кешіктірмей қайтарып алады. Агенттің банктегі шоттарында ақша жеткіліксіз болған жағдайда салық органы касса бойынша шығыс операцияларын тоқтатады. «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңы орындалмаған жағдайда жеке тұлға, жеке кәсіпкер, нотариус, адвокат, заңды тұлға немесе оның лауа­зымды тұлғасы «Әкімшілік құқық бұ­зушылық туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасы Кодексінің 88-бабы, 3-тар­мағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, салық органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құ­рал­дарына МЗЖ бойынша алты айдан артық мерзімде өтемеген агенттердің тізімін жариялайды. Мемлекеттік саясаттың негізгі ба­ғыттарының бірі ретінде анықталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – салық органдарының да басты бағыттарының бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құ­былыс ретінде салық органы қыз­ме­тінің имиджіне кері әсерін тигізеді, салық төлеушілердің сенімін азай­та­ды, сонымен қатар, мемлекеттің на­рықтық экономикалық дамуын шектеп, еліміздің экономикалық және ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төр­аға­сының 2007 жылғы 26 қыркүйегін­дегі бұйрығымен бекітілген салық органдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес страте­гия­сын жүзеге асыру бағытында біздің қыз­меткерлер арасында жемқорлық фак­тілерінің орын алмауы бағытында қатаң шаралар қолданылуда. Астана қаласы салық департа­мен­тінің Алматы ауданы бойынша салық басқармасында сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы күреске ерекше көңіл аударылады, ескерту және алдын алу шаралары қолданылады, сондай-ақ басқарма қызметкерлері арасында жем­қорлыққа төзбеуді тәрбиелеу бой­ынша жұмыстар жүргізіледі. Қызметкерлердің моральды келбетін көтеру үшін өткізіліп жатқан – қаржы полициясы органының қыз­мет­керлерімен сұхбат, жемқорлық фактілері бойынша бейне материалдар, жемқорлық заңнаманы түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыс­тар жасалады. Сондай-ақ, қызметкерлердің ең­бек және жемқорлыққа қарсы заңна­маларды дұрыс орындауын бақылау үшін салық басқармасы ғимараты­ның барлық жерінде бейне камералар және шағымдар мен ұсыныстарға арнап жәшіктер мен кітаптар орнатыл­ған. Атап айтарлығы, салық ор­ган­да­ры алғашқылардың қатарын­да болып салық төлеушілермен эл­ек­тронды бай­ланыс орнатты, бұл жағ­дай әл­бетте, жемқорлық фактілерінің ал­дын алуда үлкен рөл атқарады. Бүгінгі таңда біз салық есебін өткізудің электронды түрін насихаттап және енгізіп жүрміз, себебі бұл салық төлеушінің уақытын айтар­лық­тай үнемдейді және инспектор мен оның дүниеқорлық мақсаттарын іске асыруының алдын алады. Салық органдары қолданып жат­қан шаралар, еліміз үшін қауіпті бол­ған жемқорлық сияқты құбылыс­тар­мен күресте өз жемістерін көрсетіп жатыр, бірақ жемқорлықты түбімен жою үшін салық төлеушілердің қол­дауы қажет. Біз бірге жұмыла осы жағымсыз құбылысты жеңіп, еліміз­дің гүлденуі үшін баға жетпес үлес қосамыз. Аймахан ЕНБАЕВ, Астана қаласы салық департаментінің Алматы ауданы бойынша салық басқармасы мәжбүрлі өндіріп алу бөлімінің жетекші маманы.