27 Желтоқсан, 2011

Өміроты

347 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Әр үйге жылу сыйлаған кәсіпорынға – 50 жыл

Турбинаны ауыстыру – индустрияландыру жемісі «Тарихты жасайтындар адам­дар» деген қанатты сөз бар. Өскемен қаласының тұр­ғын­дарын, Жаңа Согра, Радуж­ный, Солнечный кенттерінің төрт мыңға жуық тұтынушы­ларын жылумен «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамы мен ШҚ жылыжай кешенін жылу және электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған Согра ЖЭО-ға жарты ғасыр толып отыр. 1961 жылдың жел­тоқ­санында біз өзіміздің алғашқы жылу қуатын өндіріп, тарата бастадық. Содан бері жарты ғасыр уақыт өте шық­ты. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен қатар өткен айтулы мереке серіктестік жұмыс­шы­ларының есінде ұзақ уақыт сақталары сөзсіз. Жылу жүйесінің жүрегі – алғашқы турбина елу жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істеп тұрды. Алғашқы турбина әбден тозығы жеткендіктен өз жұмысын жақында тоқтатты. Аманшылық болса, енді бірер күннен кейін 50 мегаваттық жаңа машина іске қосылмақ. Бұл қондырғының қуаты бұрынғыдан екі есе артық. Айта кету керек, турбинаны ауыстыру ЖЭО құрылғаннан бергі ең ірі жоба болып табылады. Ақпан айында Еуропа қайта құру және даму банкімен алғашқы келісім-шартқа қол қойылып, оны жүр­гі­зетін мердігерлер анықталды. Бас мердігер ретінде ха­­лықаралық дәрежедегі Қытайдың ТСС компаниясы бекітілді. Аталмыш жобаның жалпы құны 3 миллиард 850 миллион теңге. Оның 3 миллиард 100 миллион тең­­гесі Еуропа қайта құру және даму банкінің үлесіне тисе, қал­ған 705 миллион теңгесін АЭС корпорациясы төлемек. АЭС корпорациясы бізбен келісім-шартқа отыр­ған­да жылу орталығының қуатын арттыру, қор­ша­ған ортаны қорғау, адамдардың денсаулығын сақтау үшін әлеуметтік жағдайларды жасайтынын басты назарда ұстаған. Міне, соның нәтижесін көріп отыр­мыз. Әрдайым ардагерлерге көмек көр­сетіп, жас отбасыларды қолдап келеміз. Жас отба­сылардың балаларын балабақшаларға орналастыру, жер үйде тұратындарды көмір, отынмен қамта­ма­сыз ету, өз біліктілігін жетілдіруді көздеген жас­тарды оқытып, білімдерін шыңдауға көңіл бөлі­неді. Энергия өндіру компаниясының президенті Мамырхан Амангелдіұлы Салибеков қолдан келген көмегін аямайды, үнемі қамқорлық жасап тұрады. Орталықтың жүрегі – турбинаны алмастыру ірі жоба деп жоғарыда атап өттік. Бас мердігер ТСС ком­паниясы турбинаны алмастыруда ғылым мен техни­ка­ның соңғы жетістіктерін қолдануда. Жоба бойынша он шетелдік компания шақырылған, қал­ғандары еліміздің әр түкпірінен тартылған отандық кәсіпорындар. Жерлестеріміз де турбинаны ауыс­тыруға өз үлестерін қоспақ. Қазір мұнда 150-200 маман жұмыс істеп жатыр. Біз жерлестерімізге де жұмыс тауып, олардың әлеуметтік жағдайларын түзетуге үлес қосып келеміз. Жаңа турбина тұтынушыларды жеткілікті мөл­шер­де электр қуатымен қамтамасыз ете алады. Жаңа қондырғы автоматтандырылған технологиямен жаб­дық­талғандықтан қашықтан басқару мүмкіндігіне ие болдық. Жоба жүзеге асқанда өрт тұтану қаупі күрт төмендемек. Оның себебі, генераторды ауамен сал­қын­дату тәртібіне көшеміз. Мынадай сауалдың болуы мүмкін. Қалпына келтіру жұмыстары аяқтал­ғанша ЖЭО өз жұмысын қалай атқаруда? Оның ал­дын-ала сақтық шара­ларын жасап, ақаусыз жұмыс істеу үшін артық күш салып, тексерістен өткізіп алдық. Ал турба құрыл­ғы бұл сыннан сүрінбей өтті. Қайта қалпына келтіру жобасы мемлекеттік ин­дустриялық-инновациялық даму бағдарла­ма­сына енгізілген. Сондықтан болар, қала әкімі Ислам Әбішев бізге бірнеше рет келіп, ауыстыру жұмыстарымен та­нысты. Қажетті көмектің болатынын айтты. Өңір басшысы Б.Сапарбаев та қала үшін аса маңызды жо­баның тез әрі сапалы салынуын назарда ұстап отыр. Жылу электр орталығында еңбек ететіндердің жалақысы жоғары, олар бос уақыттарын көңілді өт­кізеді. Бос уақыттарын демалыс базаларында өткізіп, денсаулықтарын түзеп кайтады. Спорттың грек-рим күресі түріне демеушілік жасап келеміз. Ол ол ма, қызметкерлер өз еріктерімен қаржы жинап, түрлі мекемелерге әлеуметтік көмек көрсетеді. Қысқасы, жарты ғасырлық мерейтойды тартумен қарсы алдық. Ержан ҚОҢЫРБАЕВ, «АЭС Согра ЖЭО» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің бас директоры.   Дерек пен дәйек Согра ЖЭО жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1961 жылдың 31 жел­тоқ­санында пайдалануға беріледі. * * * Ал оның жобалау жұмыстарын 1956 жылы Мәскеудегі «Промэнергопроект» бөлімі жүргізіп, сол жылы «Алтайсвинецстрой» тресі құрылыс жұмыстарын бастап кетті. * * * Согра жылу электр орталығын салу кезінде елімізде тұңғыш рет құрас­тырмалы темір-бетон материалын пайдалану жүзеге асты. Демек, оның сапасы жоғары деген сөз. * * * Согра ЖЭО халықаралық дәрежеде сертификатталған. * * * Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік жүйесі OHSAS 18001-2007 енгізілген. * * * Экологиялық менеджмент жүйесінің ISO 14001-2004, сапа менеджменті жү­йесінің ISO 9001-2008 атақтарына ие. АЭС корпорациясы 2021 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму бағдарламасын өндіріске енгізіп отыр. * * * Қуаты екі есе артық жаңа турбинаны орнатуға корпорация 3 миллиард 850 миллион теңге қаржы бөлді. * * * Согра ЖЭО барлық уақыттарда да еш ақаусыз жұмыс істеп келеді. * * * Қазір серіктестікте 200-дей адам еңбек етеді, олардың жалақысы жоғары. * * * АЭС компаниясының серпінді жо­ба­ларының қатарына биылдан бастап жүзеге аса бастаған «Электр қауіп­сіздігі және балалар» деген теле­хабарды атауға болады. Әр жексенбі сайын «31-ші телеарна» ха­барларды таратып отырады, нә­тижесінде суреттерге сыйлық та­ғайындалып, ол жүлдегерлерге тап­сырылады.   Серіктестікке берік кәсіпорын АЭС «Согра ЖЭО» ЖШС-ға жарты ғасыр толып отыр. Кенді Алтайға келгенде 15 жыл толған компания осы өңір экономикасына елеулі үлес қосып келеді. Әсіресе, әлеуметтік салаға компания ерекше көңіл бөліп отыр. Бір ғана мысал. 2009 жылдың тамызында Өскеменге АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Ричард Хоугланд мырза келді. Ол Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен жолығып, екі ел арасындағы достық, экономикалық қарым-қатынастың дамып келе жатқанына жоғары баға берді. Елбасы Н. Назарбаевтың сарабдал саясатын қолдайтынын, елдің гүлденуіне ерекше үлес қосқан ұлт көшбасшысының беделі мұхиттың арғы жағындағы алып елде де биік екеніне тоқталды. Сол жолы елші мен облыс басшысы екеуі АЭС компаниясының Кенді Алтайда корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін одан әрі дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды. Компания Өскемендегі аса маңызды облыстық күйік орталығын салу жөнінде бастама көтерді. Оның құрылысы мен жабдықтарына 100 миллионға тарта АҚШ долларын салатынын айтты. Құрылыс қарқынды жүрді. Ақыры үстіміздегі жылдың қаңтарында күйік орталығы пайдалануға беріліп, ол жарақат алғандарды қабылдай бастады. Күйік орталығының салтанатты жағдайда ашылуына облыс әкімінің орынбасары Серік Тәуке­баев, АЭС корпорациясының басшылары Хулиан Небрреда, Майкл Джонатан, Богдан Вранес, Өскемендегі АЭС «Согра ЖЭО» басшылары қатысты. Өңір басшысының орынбасары С.Тәукебаев шетелдік қонақтарға алғыс айтып, АЭС корпора­циясының Қазақстанда 15 жылда ел экономикасына сіңірген еңбектеріне алғысын білдірді Ерлан МӘСЕЛІМОВ,  облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.   «Ақсұңқар жемін шашып жейді» Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Біз өзендер өрнектеген Өскемендегі мыңдаған тұрғын үйлер мен ірі кәсіпорындарға ауадай қажет жылу және электр қуатын беріп отырған «Согра ЖЭО-ның» ұжымын жарты ғасырлық мерейтойымен құттықтап, алдағы уақытта да олардың жұмысына табыс тілейміз. «Ақсұңқар жемін шашып жейді» деген мәтел бар қазақ халқында. Мен бұл сөзді неге айтып отырмын. Міне, бірнеше жылдан бері аталмыш ұжым біздің клубқа демеушілік көмек жасап келеді. Былтыр мен биылдың өзінде компьютер, қажетті ойыншықтар сатып әперді. Бізге ғана емес, көрші «Мечта» жасөспірімдер клубына, Согра кентінде орналасқан №23 орта мектепке бейнекамера, фотоаппарат, басқа да қажетті тұрмыстық техникаларды сатып әперді. Согра ЖЭО-ның бас директоры Ержан Смағұлұлы Қоңырбаев мектептер мен балабақшаларда, аула клубтарында қонақта болып, әрдайым сыйлықтар тарту етеді. Өскемендегі АЭС компаниясының энергия таратушы компаниялары, оның ішінде Согра жылу электр орталығы да бар, облыс орталығындағы салынып жатқан еліміздегі ең ірі мешіт құрылысына 8 миллион теңге көмек көрсетті. Сондай-ақ, Чернобыль апатына қатысушы бір мың ардагерлердің электр қуатына деген бір айлық өтемеқысын төлеп берді. Орталық спорт жарыстарына да демеушілік жасап тұрады. Тарбағатайдағы тасқын су апаты кезінде зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетіп, елдің алғысына бөленген. Николай ИВАНОВ, «Росток» балалар-жасөспірімдер клубының мүшесі.   Кәсіпкермен бірге мерейлендік Міне, он жылдан асты, аталмыш кәсіпорын­ның ыстық-суығына біте қайнасып, еңбек етіп келемін. Біздің жұмыс жауапты. Алтайдың алты айға созылатын ақшұнақ аясында мың­даған тұр­ғын­дарға және ірі кәсіпорын­дарға жылу және электр жарығын беру оңай шаруа емес. Қыс мезгілінде көмір бір күнде үш рет келіп түсіп жатады. Оны қабылдап алу, тиеп-түсіру, көмірдің сапасына қарай бөлу ыждағат­тылықты талап етеді. Түнде де көмір құрғақ па, жоқ, әлде шаң­данып кете ме, оны қатаң бақылауға алу керек. Қазір кәсіпорында екі жүзден астам адам еңбек етеді. Олардың жалақысы жақсы, әлеуметтік жағдайларына барлық қамқорлық жасалды. Қазір орталықта екінші қуатты турбинаны орнату жұмыстары аяқталып қалды. Демек, біздің жұмысымыз екі есе күрделенбек, әрі жауапкершілікті талап етпек. Бүгінгі жарты ғасырлық мереке күні барлық әріптестерімізді мерейтоймен құттықтап, Қазақстанның гүлденуі жолында аянбай еңбек етуге шақырамын. Анатолий АНТОНОВ, «Согра ЖЭО» ЖШС отын беру жүйесінің машинисі.

Айқарма беттің материалдарын дайындаған «Егемен Қазақстанның» Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Оңдасын ЕЛУБАЙ.