Экономика • 18 Қыркүйек, 2018

Сапалы өнімге сұраныс жоғары

26 реткөрсетілді

Алматы облысында жыл басынан бері 310 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, саланың көрсеткіші  2,6 процентке өсімге қол жеткізіп отыр. Сондай-ақ, аймақ өнеркәсібіндегі өнімділік 556 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 101,1 процентке жеткен. Ал бөлшек саудадағы тауар айналымының көлемі 7,2 процентке өсіп, 266,2 млр. теңгені құраған екен.

Қазір Жетісу топырағында өскен азық түлік, көкөініс пен қатар, ет, сүт, құс өнімдеріне сұраныс жоғары. Әсіресе, үлкен қаладағы нарыққа жол тартқан өнімдердің өтімділігі байқалады. Мұның бір дәлелін жақында Астана қаласында өткен Алматы облысының күндері аясындағы жәрмеңкеден байқауға болады. Екі күн ішінде жетісу аграрлары жалпы құны 270 млн теңге болатын 470 тонна ауыл шаруашылығы өнімін саудаға шығарып үлгерген.

Жалпы, елордадағы «Қазақстан» спорт кешенінің жанында өткен жәрмеңкеге жұрт көп жиналды. Астаналықтарға ұсынылған азық-түлік, көкөніс өнімдерінің бағасы арзан, сапасы жоғары болғандықтан сауда қызып берді. Бұл жолы Алматы облысының 17 ауданы мен 3 қаласының шаруалары 17,0 тонна ет өнімдерні, 21,9 тонна сүт өнімдерін, 12,4 тонна балық пен 106,1 тонна көкөніс, 43,4 тонна жеміс-жидек және 43,3 тонна картоп өнімдерін базарлады. Осылайша , жетісулық шаруалар екі күн бойы өткен жәрмеңкеде 48 түрлі өнім саудалап, елорда тұрғындарының сұраныс қанағаттандырған.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Бабамнан қалған бағалы тәсіл

Аймақтар • Бүгін, 15:36

Ұқсас жаңалықтар