Білім • 20 Қыркүйек, 2018

Атырауда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

221 реткөрсетілді

Атырауда «Назарбаев моделі: стратегиялық жоспарлау және прагматизм» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға бес мемлекеттен студенттер қатысты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс әкімдігінің қолдауымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» Елбасының көшпелі қор көрмесі жобасы аясында халықаралық конференция өтті.

Іс-шараның модераторы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов өз сөзінде Қазақстанның өткені мен бүгініне тоқталып өтті.

- Шараның басты мақсаты – Елбасының ішкі, сыртқы саясаттағы жеткен жетістіктерін, алғышарттарын, елдің даму жолын көрсету. ҚР дамуына елдегі барлық аймақтар өз үлестерін қосып отыр. Соның ішінде осы шараны Атырау облысында өткізудің өзіндік маңызы бар. Тарихы бай қазыналы Атырау ірі отандық және шет елдік қор шоғырланған үлкен мекенге айналып отыр. Өз кезегінде ел дамуына ат салысқан барлық атыраулықтарға, облыс басшысына ризашылығымды білдіремін, – деді Әмірхан Рахымжанов.

Конференцияда Түркия, Иран, Өзбекстан, Ресей және Қытайдан келген студенттер Елбасының ішкі-сыртқы саясаты, бастамалары, қазақ елінің тәуелсіздіктен кейінгі жаңа тарихы туралы баяндама жасады. Жиынға қатысқан облыс әкімі Елбасы жүргізген саясаттың Қазақстанның дамуындағы басты қозғаушы күш екенін айтып өтті.

- Әлемдік саясатта өзіндік орны бар Қазақстан жолында бар күш-жігерін салған Н.Назарбаевтың елеулі еңбегін бүгінгі таңда бүкіл әлем мойындап отыр.Тарих қойнауынан ұзақ жылдар бойы толғатып,елге бағдар берген Елбасының сындарлы саясаты арқасында бүгінде қазақ елі бейбіт өмір сүруде. Бүгінгі шарамыз соның бір дәлелі, - дейді Нұрлан Ноғаев.

- Біз президенттің тәуелсіз Қазақстанға атқарған ісінің өлшеусіз екенін түсінуіміз қажет және айналамызға айта жүруіміз керек.
«Н.Назарбаев: дәуір,тұлға, қоғам» Елбасының көшпелі қор көрмесі жобасы аясында облыс аудандарында да талқылаулар мен басқосулар ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 18 қыркүйек күні Атырауда "Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам" Елбасының көшпелі қор көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмені Ш.Сариев атындағы облыстық музейде екі ай бойы тегін тамашалауға болады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ашық аспан астында - пианинолар

Аймақтар • Бүгін, 15:52

Медицина цифрландыруды таңдайды

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Ашықтықтың артықшылығы көп

Аймақтар • Бүгін, 09:49

Құттықтаулар легі жалғасуда

Қазақстан • Бүгін, 09:46

Әлкей Марғұлан мұралары

Қазақстан • Бүгін, 09:42

Түлен түрткен түс

Аймақтар • Бүгін, 09:37

Сабыр түбі – сары алтын

Қоғам • Бүгін, 09:21

Құлманбетовтің қызыл алмалары

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Қолқаны қапқан иістен құтыла ма?

Аймақтар • Бүгін, 09:16

Сырттан қаржы тарту қарқыны үдеді

Қазақстан • Бүгін, 09:14

Ұқсас жаңалықтар