Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2018

 Жаңа заң – жаңа үміт

734 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
 Жаңа заң – жаңа үміт

Бүгінде тағдырдың жазуымен темір тордың ар жағында күнелтіп жатқандар аз емес. Оларды қоғамға бейімдеу, талап пен тәртіп арқылы тура жолға шақыру басты міндет. Осы орайда Жамбыл облысының прокуроры   И.Иманов пен Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі М.Смағұлов, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне, қылмыстық, қылмыстық процесстік заңнамаларды және құқық қорғау, сондай-ақ арнайы мемлекеттік органдардың қызметтік жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдап, олардың тұрмыстық жағдайларына назар аударды.

Сонымен қатар, жаңа Заң бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оларға мекеменің ішкі тәртіп ережесінің қатаң сақталуына және тыйым салынған заттарды пайдалауға рұқсат етілмеуі жөнінде ескерітіліп, режимді сақтау талап етілді.

Бүгінгі таңда, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты ЖД-158/7 мекемесіне аталған Заң бойынша 37 сотталған азамат түскен. Сонымен қатар, 30 іс-құжаттар сотқа жолданып, осы бағыт бойынша мекеме басшылығымен жұмыстар жүргізілуде.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы