Қ.Тоқаев елші Гун Цзяньвэйдің Хатшылық жұмысына қосқан үлесін атап өтіп, осы форумда төрағалық еткен мерзім ішінде АӨСШК-ні тиімді қолдағаны үшін Қытай тарапына алғыс білдірді.
Сенат Төрағасының айтуынша, ҚХР-дің қосқан елеулі үлесінің арқасында АӨСШК аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралына айналып, өзінің өміршеңдігін көрсетті және Азия мемлекеттерін жаһандық сенім шараларының жүйесіне тартудың маңызды факторы бола алды. Форумның 2014 жылғы 20-21 мамырда Шанхай қаласында өткен саммиті және 2016 жылғы 28 сәуірдегі министрлердің кездесуі АӨСШК қызметіндегі маңызды оқиғалар болды.
«Сіз АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры лауазымын атқарған кезеңде форум қызметінің мазмұнын толықтыру және кеңінен жария ету жөнінде серпінді шаралар өтті», – деді Қ.Тоқаев.