Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2018

Зейнетақы қоры жалған қауесетті жоққа шығарды

135 реткөрсетілді

Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы Зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 мың теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы қауесет тараған болатын.  

Осыған орай БЖЗҚ елімізде зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейтіндігін ескер салып отыр. «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк беретіндігін алға тартуда.

Айырма сомасы (мемлекеттік кепілдік) – мемлекеттік бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы. Салымшылар мемлекеттік кепілдік бойынша төлем алу құқығына зейнеткерлік жасқа толған кезде ие болады. Бұдан басқа, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жағдайда І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар жандар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен айырма сомасын алуға құқылы. Сонымен қатар мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға құқылы азамат қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері де айырма сомасын ала аладтындығы туралы түсініктеме таратты.     

Мемлекет кепілдігі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жергілікті «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығына» жүгіну керек. Мұнда арнайы әдістеме бойынша салымшының зейнетақы жинақтарының сомасы оның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып есептеледі және енгізілген жарналардың сомасымен салыстырылады. Егер жинақтарының табыстылығы инфляциядан төмен болса, айырма сомасы біржолғы өтемақы ретінде алушының банк шотына аударылады.

Қор барлық салымшылар мен алушыларды әлеуметтік желілер арқылы таратылатын әр түрлі хабарламаларға сын көзбен қарап, тек ресми ақпарат көзінен алынған ақпараттарға ғана сену керектігін ескертеді. 

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жастар белсенділігі жоғары

Қазақстан • Бүгін, 10:37

Тиімді үнқатысу үзілмейді

Қазақстан • Бүгін, 10:34

«Хат қоржын» (18.06.2019)

Қазақстан • Бүгін, 10:24

Іске сәт, жас маман!

Қазақстан • Бүгін, 10:22

Күнә – иесін қорлайды

Қоғам • Бүгін, 10:16

Жасампаз дәуірдің жарқын сәті

Президент • Бүгін, 10:12

Жарқын болашақ жолында

Президент • Бүгін, 09:54

Жүйелі жұмыс нәтижеге бастайды

Аймақтар • Бүгін, 09:42

Бір үзім нан

Қоғам • Бүгін, 09:21

Нарынның Нариманы

Аймақтар • Бүгін, 09:19

Суретшілер Таразда бас қосты

Аймақтар • Бүгін, 09:17

Сахнаның сәні – «SAMGAU»

Руханият • Бүгін, 09:16

Құттықтаулар жалғасуда

Президент • Бүгін, 09:06

Таралым аз, жарнама жеткіліксіз

Руханият • Бүгін, 09:02

Ұқсас жаңалықтар