Президент • 21 Қыркүйек, 2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

164 реткөрсетілді

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы ірі ұлттық компаниялардың бірі саналатын «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы әлемдік атом өнеркәсібі саласында маңызды орын алатынын атап өтті.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қазақстан Президентіне компания жұмысының негізгі қорытындылары мен перспективалары жөнінде баяндады.

– Біз әлемдік атом саласындағы жағдайды мұқият саралап, дамудың жаңа стратегиясын қабылдадық. 2017 жылы және биылғы 8 айда компания өндірістік және қаржылық жоспарларының бәрін орындады. Осы жылы төленетін дивиденттер былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есе артады деп болжап отырмыз, – деді Ғ.Пірматов.

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы басшысының мәліметіне сәйкес биыл уран сату көлемі соңғы үш жылдағы орташа көрсеткіштен жоғары болмақ. Нәтижесінде компания әлемдік нарықта өндіріс ауқымы жағынан ғана емес, сондай-ақ сату көлемі жөнінен де ірі кәсіпорынға айналады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Карнегиде ән салады

Руханият • Бүгін, 10:21

«Хат қоржын» (27.06.2019)

Қоғам • Бүгін, 10:18

Арыс, біз біргеміз!

Аймақтар • Бүгін, 09:53

Апатта босанған ана

Аймақтар • Бүгін, 09:36

Газ құбыры құрылысы ойдағыдай

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Салық жүйесі жетілдіріледі

Экономика • Бүгін, 09:28

Зардап шеккендермен кездесті

Аймақтар • Бүгін, 09:27

Кемеңгерлік келбеті

Қазақстан • Бүгін, 09:23

Агросектордың әлеуеті қандай?

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Апаттың алдын алу мүмкін бе еді?

Аймақтар • Бүгін, 09:13

«Егеменнің» еңбегі еленген күн

Қазақстан • Бүгін, 09:03

Әрі ақын, әрі жазушы

Руханият • Бүгін, 00:18

Ұқсас жаңалықтар