21 Қыркүйек, 2018

Кәрім Мәсімов терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Кәрім Мәсімов терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

Террористік тұрғыда қарқынды аймақтардан келіп жатқан қазақстандық отбасыларды оңалту және қайта әлеуметке қосу жөніндегі шаралар талқыланды.

Интернет желісінде террористік насихатқа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру, сондай-ақ уәкілетті органдардың ақпараттық кеңістіктегі алдын алу жұмысын күшейту жолдары қаралды.

ТҚО отырысының нәтижелері бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.