21 Қыркүйек, 2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

198 реткөрсетілді

Облыс орталығындағы «Жастар бастамаларын дамыту орталығында «2018-2020 жылдар аралығында облыста жас отбасылардың  ажырасу көрсеткішін төмендетуге арналған» тақырып бойынша дөңгелек үстелдер  жиі өтуде. Арнайы бағдарлама да жасалуда. Өйткені, өңірде жастар арасында ажырасқандар саны көбеюде.  Жоғарыдағы мәлімет дабыл қағарлық жағдай.      

Биыл облыс орталығында тұратын отбасылардан ажырасуға байланысты 1287 талап-арыз түсіпті. Талап-арыздардың 1254-і бойынша азаматтық іс қозғалған. Судьяның шешіміне сәйкес, 933 отбасы тіпті, сот барысында ажырасқан. Қалған 300-ден аса отбасы татуласып, арыздарын қайтарып алған.

Ал, облыс  орталығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ажырасу жөнінде сот шешіміне қарап, бар болғаны 2 күннің ішінде некені бұза алады екен.

Қалалық соттың судьясы  Бақыт Сәтиеваның айтуынша, некенің тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан да соттарға заң арқылы ерлі-зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану міндеттері жүктелген. Татуластыру-отбасын сақтаудың амалы.

Еліміздің Жоғарғы сот төрағасының өкімімен қолға алынған пилоттық жоба бойынша Талап-арыз сотқа келіп түскен кезде судья тараптарға хабарлама жіберіп, дауды медиация тәртібімен аяқтау құқығын түсіндіреді. Тараптар келісім берсе, азаматтық іс 10 жұмыс күннің ішінде тоқтатылады.  

Орталықтың бастамашыл жастары «мемлекетіміздің іргесінің берік болуы әрбір отбасымен тығыз байланысты екенін» түсіндіру мақсатында арнайы бағдарлама бойынша  жұмыс жасауда.   

                 

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен  Қазақстан»

Павлодар

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ашық аспан астында - пианинолар

Аймақтар • Бүгін, 15:52

Медицина цифрландыруды таңдайды

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Ашықтықтың артықшылығы көп

Аймақтар • Бүгін, 09:49

Құттықтаулар легі жалғасуда

Қазақстан • Бүгін, 09:46

Әлкей Марғұлан мұралары

Қазақстан • Бүгін, 09:42

Түлен түрткен түс

Аймақтар • Бүгін, 09:37

Сабыр түбі – сары алтын

Қоғам • Бүгін, 09:21

Құлманбетовтің қызыл алмалары

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Қолқаны қапқан иістен құтыла ма?

Аймақтар • Бүгін, 09:16

Сырттан қаржы тарту қарқыны үдеді

Қазақстан • Бүгін, 09:14

Ұқсас жаңалықтар