Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2018

Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

212 реткөрсетілді

Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын», - делінген Елбасының Жарлығында.  Т. Жақсылықов  1968 жылы туған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1993) тарихшы мамандығы бойынша; Саяси зерттеулер институтының (Страсбург қаласы, Франция) магистратурасын (1997) еуропалық зерттеулер саласындағы магистр мамандығы бойынша; Қазақ экономика және қаржы институтын (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек қызметін 1993 жылы Семей бизнес және кәсіпкерлік институтының атқарушы директоры болып бастады. 1997 жылдан - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы. 1998 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі. 1999 жылдан - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Талдау орталығының сектор меңгерушісі. 2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Жүйелі зерттеулер орталығы басшысының орынбасары. 2003 жылдан - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі департаментінің директоры. 

2004 жылдан - Женевадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері жөніндегі ҚР Индустрия және сауда министрлігі өкілдер тобының басшысы. 2005-2006 жылдары -«Маркетингтік-сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ (Алматы қ.) басқарушы директоры. 2006 жылдан - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» РМК бас директоры.

2007 жылдан - «Астананы тұрақты дамыту орталығы» ЖШС директоры, Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры.

2008 жылдан бері - Астана қаласы әкімінің экономика және қаржы мәселелері бойынша орынбасары. 2009-2010 жылдары ҚР Индустрия және сауда вице-министрі.

2010-2012 -  ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2014 жылдың 13 тамызынан ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары.

2017 жылдың 14 сәуірінен Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі.    

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ашық аспан астында - пианинолар

Аймақтар • Бүгін, 15:52

Медицина цифрландыруды таңдайды

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Ашықтықтың артықшылығы көп

Аймақтар • Бүгін, 09:49

Құттықтаулар легі жалғасуда

Қазақстан • Бүгін, 09:46

Әлкей Марғұлан мұралары

Қазақстан • Бүгін, 09:42

Түлен түрткен түс

Аймақтар • Бүгін, 09:37

Сабыр түбі – сары алтын

Қоғам • Бүгін, 09:21

Құлманбетовтің қызыл алмалары

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Қолқаны қапқан иістен құтыла ма?

Аймақтар • Бүгін, 09:16

Сырттан қаржы тарту қарқыны үдеді

Қазақстан • Бүгін, 09:14

Ұқсас жаңалықтар