Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2018

Б.Бекназаров Әзербайжан Парламентінің 100-жылдығына арналған шараға қатысты

39 реткөрсетілді

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров және Парламент Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов құрамына енген Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми делегациясы Әзербайжан Парламентінің 100-жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты, деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Б.Бекназаров осы мерейтоймен әзербайжан тарапын құттықтай келіп, күрделі жылдарда негізі қаланған тәуелсіздік, демократия және парламентаризм идеялары қазіргі Әзербайжанда одан әрі даму үстінде екенін атап өтті. Екі ел арасында қалыптасқан бауырлас және достық байланыстарға ерекше тоқталған ол Әзербайжан Қазақстан үшін Оңтүстік Кавказ өңіріндегі негізгі әріптес болып табылатынын жеткізді.

Сенат Төрағасының орынбасары сонымен қатар екіжақты парламентаралық байланыстар мен ынтымақтастық көптарапты құрылымдар аясында одан әрі нығайып, кеңейе түсетініне сенімін білдірді. Қазақстан делегациясының басшысы сөз соңында бауырлас әзербайжан халқына бейбітшілік пен өркендей беруіне тілектестігін білдірді.

Салтанатты шараға 150 мемлекеттің парламенттік делегациялары, Бакуда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдарының басшылары және басқа да ресми адамдар қатысты.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар