Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2018

Өзен арнасын бекіту – кезек күттірмейтін мәселе

166 реткөрсетілді

Жамбыл облысында пайдаланатын ағын су ресурстарының 80 проценті көршілес Қырғыз Респуб­ликасының аумағынан бас­­талып, трансшекаралық өзен­дер арқылы берілетіні бел­гілі. Соңғы жылдары Қырғыз Рес­пуб­­ликасы­ның «Кировское» су қой­масынан Жамбыл облысы Талас өзеніне құятын су көлемі белгіленген мөлшерден көп жі­берілуі салдарынан арақашық­тықта өзен арнасы едәуір шайылып, жа­қын маңдағы елді мекендерге су жайы­лу қаупі туындауда.

Аталған өзен жағалауында төтенше жағдайдың орын алуына жол бермеуді қажет ететін ірі елді мекендер – Жасөркен, Қызылқайнар Жамбыл ауданында, Талас, Казпоселок, Сарыкемер, Түймекент Байзақ ауданында, Тектұрмас, «Дачный массив» Тараз қаласында орналасқан. Қатерлі аймақта автомобиль жолдары, электр жүйелері және газ тасымалдау қондырғылары бар. Өкінішке қарай 2016 жылғы 15 маусымда «Кировское» су қоймасынан Талас өзеніне құя­тын су көлемінің артуына байланысты Жамбыл ауданының Қызылқайнар, Жасөркен ауылдарына газ тасымалдайтын жоғары қысымды құбырдың тірегі шайылып, істен шыққан болатын. Соның салдарынан 720 үй отынсыз қалған. 

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан, төтенше жағдай­лардың алдын алу мақсатында «Жамбыл облысында Тараз қала­сының және Жамбыл, Байзақ аудандарындағы Талас өзені арнасы бойындағы жағалау­ды бекіту жұмыстары бойынша» ЖСҚ әзірленіп, 2017 жылғы 1 шілдеде мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Сметалық құны – 3 477 257 мың теңге. 2018 жылы жер­гілікті бюджеттен 10 млн теңге көлемінде қосымша қар­жы­ландыру есебінен жағалау­ды бекіту жұмыстары бастал­ды. Жобаны іске асыру респуб­ли­калық бюджеттен қаржылан­дыруды қажет етеді. 

Осыған байланысты біз 2019-2021 жылдарға арналған респуб­ликалық бюджетті қалып­тастыру барысында жоғарыда атал­ған Жамбыл облысының әлеуметтік маңызды жобасын іске­ асыруға республикалық бюд­­жеттен 2019 жылға қаржы бөлінуге ықпал етуді сұрап, Премьер-Министр Бақытжан Сағын­таевтың атына депутаттық сауал жолдадық және бюджеттік өтінім мен қа­жет­ті құжаттар­дың Ауыл ша­руа­шы­лығы министрлігіне тап­сырылғаны хабарланды. 

Әбдәлі НҰРАЛИЕВ,

Cенат депутаты 
 

Соңғы жаңалықтар

Егемендіктер елге шықты

Қазақстан • Бүгін, 11:19

Баспасөз рөлі – басты мәселе

Әдебиет • 15 Қараша, 2019

Қазақстанға шетелдік банктер келеді

Экономика • 15 Қараша, 2019

Жаңа үлгідегі көліктер

Қоғам • 15 Қараша, 2019

Ұқсас жаңалықтар