Латын әліпбиіне көшу қазақ тілін қазіргі заманғы технологияларға бейімдеп қана қоймай, болашақта ақпараттық қолжетімділіктің артуына жол ашатыны сөзсіз.

Биылғы ақпан айында латын негізді жаңа қазақ әліпбиі бекітілді. Онда ұлттық дыбыстар акут деген диакритикалық таңба арқылы берілген. Диакритикалық таңбалар латын әріптерінің негізгі дыбыстық мағынасын өзгертуге, нақтылауға арналған. Енді осы жаңа әліпбиді тәжірибеге кезең-кезеңмен енгізу үшін 4 топ құрылған болатын. Бірінші – орфографиялық топ, онда орфографиялық және орфоэпиялық ережелер жасалады. Екінші – терминологиялық топ, онда қазақ тілінің терминологиялық қоры латын графикасында жүйеленеді. Үшінші – әдістемелік топ. Бұнда латын графикасын үйрету әдістері жасалып, оны білім жүйесіне енгізу жолдары қарастырылады. Төртінші – IT-технология тобы, технологияны латыншаға бейімдеу, бағдарламалар жасау. Қазіргі кезде орфографиялық концепция жасалды. Енді латын негізді емле-ереже жасалуда. Ал оны жасау үшін жазу теориясы мен орфографияның ғылыми негізінен хабардар болу керек.
Орфография үш принципке негізделеді: дәстүрлі-тарихи, фонетикалық және фонематикалық. Дәстүрлі-тарихи принцип Еуропа тілдерінде қолданылады: француз және ағылшын тілдерінде. Олардың жазуы ертеде қалыптасқан әрі ғасырлар бойы өзгеріске ұшырамаған. Фонетикалық жүйесі дамыған. Сондықтан да әріп пен дыбыс бір-біріне сәйкес келмейді. Жазу мен дыбысталу арасында үлкен айырмашылық бар. Оларды жақындату үшін транскрипция пайдаланады.
Фонетикалық принцип белорус, серб тілдерінде қолданылады. Фонетикалық принцип бойынша, қалай айтылады, естіледі – солай жазылады. Бірақ адамдар әртүрлі естиді, айтады, бұл адамның артикуляторлық аппаратына және есту қабілетіне байланысты. Мысалы, корейлер р мен л-дың айырмашылығын аңғармайды. Арабтар о мен у-дың айырмашылығын сезбейді. Ал француздар қазақ тіліндегі керек деген сөздегі е-ні екі фонема деп қабылдайды. Cондықтан жазуда кейбір қателер кездесуі мүмкін.
Фонематикалық (морфологиялық) принцип орыс тілінде қолданылады. Фонема немесе морфема дыбысталуына қарамастан, барлық түбірлік сөздер мен олардың пішіндерінде өзгермейді: дыбыссыз немесе дауысты үнсіздік, дауысты дыбыстарды азайту, сөздерді ассимиляциялау және басқа фонетикалық өзгерістер.
Қазақ тілінде жазу принциптерінің үшеуі де қолданылады, бірақ – фонематикалық принцип басым. Жазу фонемаға негізделген, ал фонема графемаға сәйкес келеді. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруде біраз даулы проблема бар. Мысалы, интерсөздерді төл дыбыстар арқылы қалай таңбалаймыз? Қазақ тілінің төл дыбыстарына в, ф, х, и, у жатпайды.
Қазақ тілі білімінде терминдерді қалыптастыру, қазақ тілінің фонологиялық заңдылықтарына икемдеу, ана тілінің дыбыстық заңдылықтарын сақтау деген ұстаным бар. Интерсөздерді латын графикасымен таңбалауда осы қағидаларды мейлінше сақтау керек. Мысалы, қазіргі таңда біз Ресей, Еуропа, тауар, үстел, жәрмеңке, кәмпит, бәтеңке, резеңке деп кірме сөздерді қазақ тіліне икемдеп айтамыз әрі жазамыз. Бұл сөздердің көбісі бұрыннан қалыптасқан. Ал кейбір кірме сөздерді игеріп, қазақ тіліне икемдеп айту мен жазу оңайға түспейді.
Кейбір ғалымдар кірме сөздер арқылы келген кірме дыбыстарды мүлде таңбалағысы келмейді. Олар ана тілімізге бөтен, жат, сондықтан ол сөздерді тек төл дыбыстар арқылы жазамыз дейді. Сонда филологияны – пійләлөгүйе, биологияны – бійәлөгүйе, автор – аптыр, латын графикасымен: piɪlálógúɪe, biɪálógúɪе, aptyr, ákádemiɪk, т.б. Бұл жазу мен айтуға қолайсыз, сауатсыз адамның сөзі тәрізді. Мұндай фонетикалық жазу пуристік ағымына сәйкес келеді.
Фонематикалық принцип бойынша, жазуы мен айтылуы үнемі сәйкес келмейді, мысалы: basshy (басшы) деп жазамыз bashshy (башшы) деп айтамыз, qobyzshy (қобызшы) деп жазамыз qobyshshy (қобышшы) деп айтамыз, aıtshy (айтшы) деп жазамыз aıtchy (айтчы) деп айтамыз, aıtsa (айтса) деп жазамыз aittsa (айтца) деп айтамыз, ketse (кетсе) деп жазамыз kettse (кетце) деп айтамыз, ketshi (кетші) деп жазамыз ketchi (кетчі) деп айтамыз, т.б. Бұл дауыссыз фонемаларға мысалдар.
Дауысты фонемаларға мысалдар: ólеń (өлең) деп жазамыз ólóń (өлөң) деп айтамыз, jurek (жүрек) деп жазамыз jurók (жүрөк) деп айтамыз, eshki (ешкі) деп жазамыз, ıeshki (йешкі) деп айтамыз, otan (отан) деп жазамыз, уотан (уotan) деп айтамыз, ómir (өмір) деп жазамыз, уómir (уөмір) деп айтамыз.
Қазақ тілінің фонетикалық жүйесінде ф, в фонемалары жоқ, олар п, б фонемаларының вариациялары ретіндегі физикалық дыбыс болғандықтан тілдің айтылуында кездеседі. Кірме дыбыстар жиі қолданыста болғандықтан қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарға бағынып, адамдардың артикуляторлық аппаратына икемделген. Бұл фонемалар жаңа қазақ әліпбиінде f және p әріптерімен таңбаланады.
Фонемалардың пайда болуы тіл мен ойдың дамуымен байланысты. Әр тілдің фонетикалық жүйесі даму үстінде, оған сыртқы және ішкі фактілер әсер етеді. Жаңа фонемалар жаңа ұғымымен, жаңа терминологиямен толығады және көршілес мәдениеттің және өркениеттің ықпалымен байиды. Ішкі фактілер – ол тілдің өзіндік заңдылықтары – фонологизация, дивергенция процестері. Оның нәтижесінде бір фонемадан екі-үш фонема пайда болады. Дыбыстардың фонема деңгейінде жұмсалуы, яғни фонологизациялануы тілдің жалғамалық (агглютинативтік) құрылысымен, үндестік заңымен (сингармонизм) тығыз байланысты.
Қазіргі кезде дау тудырып жүрген и мен у кірме әріп-дыбыстар. Бұл дифтонгоид дыбыстар ый, ій, ұу, үу дыбыс тіркестерінен тұрады. Кирилл әліпбиіне көшкенде аталмыш дифтонгоид дыбыстар әріптерді үнемдеу принципіне сәйкес оларды и мен у таңбаларымен белгілейтін болды. Қазақ тілінде үнемдеу жазуды алғаш рет ұсынған қазақ тілі білімінің қабырғасын қалаушы Ахмет Байтұрсынов еді. Өзінің төте жазуында ғалым қазақ тілінің дыбыстарын шектеулі ғана әріптермен белгілеген.
Тіл иелері бұл дыбыстарды дифтонгоид фонема ретінде қабылдайды, ал жазуда олар бір әріппен белгіленеді. Орфография өзінің құрамындағы әріптердің молдығымен емес, ықшамдығымен бағаланады. Сондықтан дыбыс тіркестерін кейде бір ғана әріппен таңбалауға болады.
Сөздердің құрамында и мен у дифтонгоид дыбыстар болғанда біз ойланбай-ақ ıgilik, (игілік), ınelik (инелік), ınabat (инабат), mıras (мирас), álipbı (әліпби), tarıhı (тарихи), týgan (туған) деп жазамыз, ал транскрипцияда олар былай жазылады iıgilik, (iйгілік), iınelik (iйнелік), iınabat (ыйнабат), myıras (мыйрас), álipbiı (әліпбій), tariıhiı (тарійхій), tuýgan (тұуған).
Жалпы, графика сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды. Оны фонетикалық транскрипция атқара алады. Сөздердің жазылуы мен айтылуының бір-біріне әрқашан сайма-сай келе беруі шарт емес. Тілдердің әрқайсысының жазылуы мен айтылуының арасында айырмашылықтар бола береді. Орфография сөздердің дыбысталуын дәлме-дәл көрсете бермейді, ал орфоэпияның ең негізгі қызметі – сөздің дыбыстық құрамын дәлме-дәл көрсету. Сауатты жазып, дұрыс сөйлеу үшін орфография мен орфоэпиядан хабардар болып, осы екі пәнді бірдей оқыту керек.
Қазақ тілінде әліпбиді үнемдеу үшін дауыссыз дыбыстардың жуан-жіңішке айырым белгілері қасында тұрған дауысты дыбыстар арқылы беріледі. Тан, тән, тыс, тіс деген сөздерде олардың мағынасы дауыссыздардың қасында тұрған жуан-жіңішке дауыстылар арқылы ажыратылып тұр, демек қазақ тілінде дауыссыз дыбыстарды білдіретін әріптер дауыстылардың ықпалымен жазылады. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жасаған қазақ орфографиясының концепциясында жіңішкелік белгісімен (ь) жазылатын шеттілдік сөздердің емлесінде бұл принцип басшылыққа алынған. Осыған байланысты қазақ емлесінің кейбір ережелерін келтірейік. Мысалы: жіңішкелік белгісін (ь) түсіріп, оның орнына сөз басы мен бірінші буында жіңішке дауыстылар арқылы жіңішкертуге болады, мысалы: ánsambl-ансамбль, dúbl-дубль, rúbl-рубль, párоl-пароль, т.б. Сөз құрамында e, ı жіңішке дауыстылар бар сөздерде жіңішкелік белгісі түсіріліп жазылады, мысалы: akvarel-акварель, lager-лагерь, stil-стиль. Аль- әріп тіркесімен басталатын және сөз ішінде екі дауыссыз дыбыс арасында жіңішкелік белгісі бар сөздерде ь түсіріледі, мысалы: álbatros-альбатрос, álbom-альбом, álmanah-альманах. Сөз ортасында дауыссыз бен дауысты дыбыстың арасындағы жіңішкелік белгісінің (ь) орнына ı әрпі жазылады, мысалы: batalıon, medalıon, konıak, pıesa т.б.
Бүгінде қазақ емлесінің негізгі ережелері қоғамда сарапталып, талқылануда. Апробацияның нәтижелері мұқият ескеріліп, одан кейін қазақ емлесінің негізгі ережелері мақұлданатын болады.
Зейнеп БАЗАРБАЕВА,
филология ғылымдарының
докторы, профессор,
ҰҒА корреспондент-мүшесі
Қоғамда «цифрлық аутизмге» шалдыққандар көбейіп келеді - сенатор
Пікір • Бүгін, 13:20
Бүгін - Қазақстан мен Еуропалық Одақ дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан күн
Қазақстан • Бүгін, 13:05
Жаңа заң жұмысшылардың құқығын қорғауға тың серпін береді
Саясат • Бүгін, 12:53
Елімізге сапасыз дәрі-дәрмектің келуін қадағалау керек - сенатор
Саясат • Бүгін, 12:43
ОСК Қазақстандағы халықаралық байқаушыларды тіркеуді бастады
Сайлау • Бүгін, 12:33
Түркістан облысында көшелер мен аулаларды су басты
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Алматыда мемлекеттік қызметтің 96%-ы цифрлы форматта көрсетіледі
Технология • Бүгін, 12:15
DIGITAL ALMATY 2023 форумына 17 мың адам тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:11
Digital Almaty: криптобиржалардың даму перспективалары талқыланды
Қоғам • Бүгін, 12:01
Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионы атанды
Хоккей • Бүгін, 11:45
Латвия мен Қазақстан арасында жүк тасымалы артты
Қазақстан • Бүгін, 11:40
Алматыда екі автобус соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 11:33
Алматының «цифрлық егізі» күзде құрылады - Ерболат Досаев
Аймақтар • Бүгін, 11:32
Сенат спикері Гүлмира Кәрімованың туған-туыстарына көңіл айтты
Парламент • Бүгін, 11:25
Түркістанда жасөспірімдерге қатысты 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды
Қоғам • Бүгін, 11:13
Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 11:03
ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық басталды
Қоғам • Бүгін, 10:53
KMG Kashagan B.V. бас директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:41
Алматыда DIGITAL ALMATY 2023 форумы басталды
Қоғам • Бүгін, 10:25
Қазақстан елшісі Литва Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан • Бүгін, 10:16
Екібастұзда жылу желісінің үш учаскесі жөнделіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Шымкентте төбелес ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Мемлекет меншігіне 5,3 млрд теңгенің мүлкі өтті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Қазақстанда бір тәулікте 62 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 09:39
Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Әлем • Бүгін, 09:25
БҚО-да пиязды экспорттамақ болғандар анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:16
2 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:02
Қазақстан • Бүгін, 08:58
Қоғам • Бүгін, 08:55
Аграрлық университет әділет жолында
Білім • Бүгін, 08:52
Ерте қамданғанның есесі кетпейді
Төтенше жағдай • Бүгін, 08:50
Сұранысқа сай маман даярлау қажет
Қоғам • Бүгін, 08:45
Кәсіпкер • Бүгін, 08:40
Музей • Бүгін, 08:35
Футбол • Бүгін, 08:30
«Ақ жол» үміткерлерін анықтады
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Саясат • Кеше
Азық-түлік одақтары отандық өндірушілер бағдарламасын қолдай ма?
Экономика • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар