Білім • 06 Тамыз, 2024

Елімізде алғаш рет әскери журналистика мамандығы оқытылады

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл алғаш рет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында жаңа мамандыққа қабылдау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде алғаш рет әскери журналистика мамандығы оқытылады

Фото: pexels.com

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл мамандық «Әскери істегі журналистика және қоғаммен байланыс» деп аталады. Құжаттар 2024 жылдың 10 тамызына дейін қабылданады.

Қажетті құжаттар:

  • Аттестат / диплом + қосымша (түпнұсқа және көшірме);
  • Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме);
  • ҰБТ сертификаты;
  • Жеңілдіктер мен квоталарды растайтын сертификаттар (түпнұсқа және көшірме);
  • Фото 3х4 – 6 дана;
  • 063/у нысанындағы медициналық анықтама (көшірмесі);
  • 075/у нысанындағы медициналық анықтама.

Айта кетейік, шығармашылық емтиханға мотивациялық және проблемалық эссе жазу, сұхбат жүргізу кіреді. Ал арнайы пәндер бойынша оқу процесі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өтеді.