Астанада 25-26 қазанда Алматы декларациясының 40 жылдығына орай медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге арналған жаһандық конференция өтеді. Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, ДДҰ Бас директорының көмекшісі Наоко Ямамото және ЮНИСЕФ Атқарушы директорының жаһандық бағдарламалар жөніндегі орынбасары Тед Чайбанның қатысуымен конференцияға дайындық мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді одан әрі дамытуға серпін беретін және заманауи жаһандық денсаулық сақтау жүйесінде Қазақстанның жаңа рөлін қалыптастыруға ықпал ететін конференцияны өткізуді Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов биылғы жылдың 26 сәуірінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесуспен Женевадағы кездесуі кезінде ұсынған болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Қазақстан Үкіметі ұйымдастырып отырған алқалы жиынға ДДҰ-ға мүше 100-ден аса елден делегация шақырылған. Басқосуда медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің практикалық мәселелері талқыланып, осы сала бойынша енгізіліп отырған жаңа заңнамалық өзгерістер таныстырылады. Сондай-ақ, еліміздің білікті, білімді мамандарымен қатар еңбек жолын енді бастаған жас мамандар шетелдің тәжірибелі дәрігерлерімен өзара тәжірибе алмасады.
XX ғасырдағы денсаулық сақтау ісінің ұлы хартиясы атанған Алматы декларациясы халық денсаулығын қорғаудың басты құжаты болғаны анық. Сарапшылардың айтуынша, 40 жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда халық денсаулығы жақсара түскен, өмір сүру жасы да анағұрлым ұзарған.
Наоко Ямамотоның қазақстандық дәрігерлер халық денсаулығын сақтауда қарқынды қадам жасағанын атап өтті. «1978 жылы қол қойылған Алматы декларациясы баршаның денсаулығына қол жеткізудің негізгі стратегиясы ретінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті насихаттайтын тұңғыш халықаралық декларация болды. Медициналық қызметтің сапасы барлық елде өзекті. бірақ оған толықтай жету оңай емес. Ол үшін дәрігерлер жұртшылыққа жақын болуымыз керек. Біз алдағы басқосу арқылы денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуға мүмкіндік аламыз. Әлемдік сарапшылар мен болашақ мамандар денсаулық сақтау саласының мәселелерін бірлікте талқылайтын боламыз», деді ДДҰ Бас директорының көмекшісі Наоко Ямамото.
Конференция кезінде жаңадан Астана декларациясы қабылданбақ. Жиынға қатысушылар бұл әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды одан әрі дамыту бағытын анықтайтынын айтты. Министр Е.Біртанов Алматы мен Астана декларацияларының негізгі айырмашылығына тоқталып: «Қырық жылдан астам уақытта Қазақстанның ғана емес, әлем халықтарының өмір сүру жасы артты. Демек, қарттар медициналық қызметті көбірек пайдаланады. Сондай-ақ, қырық жыл бұрын инфекциялық аурулар - өте маңызды аурулар қатарында болса, алғашқы медициналық көмектің арқасында көптеген аурулар жойылды. Қазір жұқпалы емес аурулар - қант диабеті, бауыр, өкпе аурулары дүние жүзінде өзекті болып отыр. Олардың алдын алу үшін профилактикаға көңіл бөлген жөн. Үшінші маңызды фактор - жаңа технологиялар. Қырық жыл бұрынғы медицина мен қазіргі медицинаның арасы жер мен көктей. Ақпараттық технологиялардың рөлі көбейіп жатыр. Осының барлығын тиімді пайдалануымыз керек», деді.
Айта кетейік, конференцияда жоғары деңгейдегі 6 пленарлық отырыс, 18 қатар сессия өтеді. Сондай-ақ конференцияның бірінші күні саяси көшбасшылардың денсаулықты медициналық-санитариялық алғашқы көмек арқылы сақтауға адалдығын атап өту үшін конференцияға шақырылған мемлекет басшыларымен кездесу өткізілетін болады.
Майгүл СҰЛТАН,
«Егемен Қазақстан»
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Партия қоғамдық кеңестерінің қызметі жүйелі түрде қайта құрылымдалады – Бауыржан Байбек
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар