Медицина • 26 Қыркүйек, 2018

Алғашқы медициналық көмектің сапасын арттырмақ

80 реткөрсетілді

Елімізде 500-ден аса медициналық көмек көрсететін ұйым бар

1978 жылы ДДҰ және ЮНИСЕФ-тiң қолдауымен Алматы қаласында алғашқы дәрiгерлiк көмектi жетiлдiруге арналған халықаралық конференция өткен болатын. Ай­тулы тарихи оқиғаға биыл 40 жыл толып отыр. «Алматы декларациясының» 40 жылдығы қарсаңында Республикалық алғашқы медициналық-са­ни­тарлық көмектің үздік тәжі­рибелік орталығында «Primary Health Care» ұлттық қауым­дастығы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігі ашылды. Шарада мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық ұйымдардың, кәсіби үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ауру­хана басшылары бас қосты. Жиынды «Primary Helth Care» Ұлттық қауымдастығының пре­зи­денті Төлебай Рахыпбеков ашып берді. Қауымдастық пре­зидентінің айтуынша,­ атал­ған ұйым еліміздегі әлеу­мет­тік бағдарланған алғашқы медициналық-санитарлық кө­­мек­ті дамыту мақсатында құ­рылған. Оның құрылуына сапалы, қолжетімді әрі үздіксіз денсаулық сақтау жүйесін қа­­лыптастыру үшін, АМСК саласындағы тәжірибелі дә­рігерлер, жеке кәсіпкерлер, емханалар, отбасылық ден­саулық орталықтары, меди­циналық жоғары оқу орындары мен колледждерін біріктіру қажеттілігі себеп болған. «Қа­уым­дастық мамандардың мүд­десін қорғап қана қоймай, от­басылық медицина, медби­келік, әлеуметтік жұмыс, пси­хология және қоғамдық ден­саулық сақтау салаларында жаңа әдістемелер мен техноло­гияларды енгізуге мүмкіндік беріп, еліміздегі АМСК жүйесін жетілдіруге жағдай жасайды», дейді Т.Рахыпбеков. 

Жаңа ұйым алғашқы меди­­ци­налық-санитарлық кө­мек­тің сапасын арттыруға қа­тыс­ты барлық түйткілді мәсе­ле­лерді шешуге атсалыспақ. Қа­­зір елімізде 500-ден аса меди­циналық көмек көрсететін ұйым болса, жыл басынан бері 9 млн-нан астам адам атал­ған ұйымдардың көмегіне жү­гінген. «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығы» бас­­қар­ма төрағасы Роза Абза­лова Денсаулық сақтау министр­лігімен бірге «2018-2022 жыл­дарға арналған Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы АМСК да­мытудың негізгі бағыттары ту­ралы» маңызды құжат қа­был­данғанын айтады. Онда халықтың әл-ауқатын арттыру мен денсаулығын жақсарту бойынша негізгі мақсаттар айқындалған. «Қазіргі таңда елі­мізде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 524 ұйым болса, оның 370-і мемлекеттік және 154-і жеке меншік болып табылады. Осы ұйымдарда жалпы саны 6 205 отбасылық дәрігер қызмет етеді. Әрине тұтас бір мемлекетке бұл мамандардың саны аздық етеді. Орта есеппен бір отбасылық дәрі­гердің үлесіне екі мыңнан астам емделушіден келіп отыр. Біздің ұйым осы түйткілді ше­шіп, білікті дәрігерлер мен мед­бикелерді дайындауға атсалысады», дейді Р.Абзалова. 

Жиында айтылғандай, елі­міз­де алдағы уақытта тағы да­ 1500 дәрігерлік учаске ашыл­мақ. Мұндай медициналық ұйым­дардың көптеп ашылуы ең алдымен саланы қағаз­бастылықтан құтқарады. Со­ны­мен қатар көпқабатты үй­лер­дің бірінші қабатынан емханалардың ашылуына да аталған ассоциация дәнекер болмақ. 

«Біз қауымдастықтың жә­не алғашқы медициналық-әлеу­мет­тік көмектің басты нысаны ретінде науқастардан бөлек, дені сау адамдардың да ахуа­лын қадағалауды көздейміз. Болашақта емхана іздеп, қо­ғам­дық көліктермен алысқа сабылудың қажеті болмайды. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша, енді жаңа шағын аудандар салынғанда, бой көтерген ғимараттың бірінші қабатынан шағын амбулаторияларды қоса салу жоспарланып отыр», дейді қауымдастық президенті Т.Рахыпбеков. 

Қауымдастық құрамында отандық медицина майталмандарынан бөлек шетел­дер­дің сарапшы мамандары­ бар. Сондай-ақ бірлестік дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйы­мы және Назарбаев университетпен меморандумға қол қойған. Қауымдастықтың жеке кәсіпкерлермен және заңды тұлғалармен бірігіп жұмыс істейтіндігін де айта кеткен жөн. Одан бөлек, өңірлерде 16 бөлімшесі ашылған ассоциа­ция­ның мақсаты – алғашқы медициналық-санитарлық кө­мек көрсетудің бәсекелестігін арт­тыру. Ұлттық ассоциацияның Батыс Қазақстан облысы бо­йынша бөлімшесінің директоры Сәуле Булкашеваның сө­зіне сүйенсек, өңірдегі үздік тә­жі­рибе орталығы ретінде таң­далған №1 қалалық емхана алдағы уақытта өз жұмыста­рына инновациялық технология­лар мен халықаралық жетіс­тіктер­ді енгізіп, қауымдастық бөлімшесінің тікелей қатысуы­мен қызмет етеді. Сондай жұ­мыс­тардың бірі ретінде, аталған емханада  2017 жылғы 29 желтоқсанда «ҚР педиатрлық көмек көрсету стандарттарын бекі­ту туралы» №1027 бұйрық бойынша патронажды қызмет енгі­зілгендігін атап өтуге болады. 

«Бұл медициналық ұйым патронажды қызметтің әдісте­месін сынақтан өткізген бірден бір ұйым және еліміздің барлық орталықтарын оқытуды жос­парлауда. Қауымдастықтың «Әркімнің денсаулығына қам­қорлық» деген ұраны ассоциация мүшелерінің алдына көптеген маңызды міндеттер жүк­теп отыр. Бір сөзбен айтқанда, қауымдастық қызметі орталық және жергілікті ат­қару­шы органдардың, халық­ара­лық және қоғамдық ұйым­дардың, сарапшылар қауым­дастығының, бұқаралық ақпа­рат құралдарының өкілдері мен­ басқа да мүдделі тарап өкіл­де­рінің еліміздегі алғашқы медициналық-санитарлық кө­мек жүйесін жетілдіру және дәйекті дамыту жөніндегі күш-­жігерін біріктіруге бағыт­та­латын болады», дейді С.Булкашева. 

Шара барысында қатысушы­лардың назарына ұлттық және халықаралық сарапшылардың – алғашқы медициналық-сани­тарлық көмек саласындағы кә­сіби мамандардың баяндамалары, сынамалы жобалардың нәти­желері ұсынылды.

Медицина элитасы Астанада бас қоспақ

Алдағы айда әлем назары тағы бір мәрте Астана төріне аумақ. Бұл жолы ДДҰ-ға мүше 190 мемлекеттің өкілдері елорда­ға маңызды тарихи құ­жат­ты, яғни ХХІ ғасырда әлемдегі АМСК жүйесін дамытуды айқын­дайтын «Астана декларациясын» қабылдау үшін жиналады. Құжатқа қол қою рәсімі 25-26 қазан күндері Қазақстан Үкіметі, ДДҰ мен ЮНИСЕФ-тің ұйымдастыруымен өтетін алғашқы медициналық-санитар­лық көмек көрсету бойынша Ға­ламдық конференция барысында болмақ.

Жоғарыда атап өткеніміздей, жарты ғасырға жуық уақыт бұ­рын әлем халқына қолжетімді және сапалы денсаулық сақ­тау жүйесін ұсыну бойынша­ тың жаңалық алып келген Ал­маты декларация­сы қабыл­дан­­ғаны мәлім. Осыған орай, алдағы өтетін конференция­ «Алматыдан басталған ден­саулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға және тұрақты даму мақсаттарына» деген тақырыппен ұйымдастырылып отыр. Конференцияға 1200-ге жуық адам қатысады, олардың көпшілігі шетелден келетін қонақтар болмақ. Меймандар Алматы декларациясында ай­тылған міндеттердің орында­луын қадағалап, сонымен қатар АМСК саласындағы үздік идея­лар және халықаралық тә­жірибелермен алмасады деп кү­тілуде.

Алдағы конференция жайлы Денсаулық сақтау министрі Ел­жан Біртанов та өз ойын білдірген болатын. «Бүгінде ден­саулық сақтау жүйесі ха­лық­тың қартаюы, қоныс аударуы мен көшуі, созылмалы инфек­циялық емес аурулардың артуы, азаматтардың әлеуметтік және экономикалық дамуындағы айырмашылық, жаһандану, цифрландыру сынды түрлі сынақтарды өткеріп келеді. Жоспарланып отырған жиында әлемдік медициналық қауым­дастық қырық жыл бұрынғыдай түйткілді мәселелер мен мүм­кін­діктерді есепке ала отырып, халықтың денсаулығын сақ­тау мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық кө­мек­­ті қолдау мен оған инвестиция құюдың маңызы мен рөлін талқылайды», деді министр.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар