Бокс • 26 Қыркүйек, 2018

GGG-дің алдағы жоспарлары қандай?

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сейсенбі күні Геннадий Головкин өзінің промоутері Том Леффлермен кездесіп, алдағы жоспарларды талқылады, деп хабарлайды Sports.kz.

GGG-дің алдағы жоспарлары қандай?

Геннадий барлық болған жағдайларды ой елегінен өткізіп, таразыға салу үшін біраз уақытқа үзіліс алады. Ол өзінің бокс алаңына қашан оралатыны жайлы айтпады, себебі ол әлі күнге дейін әділ қазылардың шешіміне наразы. Менің ойымша, ол биыл оралмайды.

Егер жанкүйерлердің әлеуметтік желідегі жазбаларынан байқасаңыздар, GGG жеңіске жетті және өз титулдарын сақтап қалды деп есептейді,  дейді GGG-мен болған әңгімелесу жайлы Леффлер.

Естеріңізге сала кетсек, 15 қыркүйекте Геннадий әділ қазылардың шешімімен мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жеңіліп, WBA (Super), WBC и IBO белдіктерінен айырылды.