Руханият • 26 Қыркүйек, 2018

Құсбегі қыздар

728 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Құсбегі қыздар

Байөлкелік бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайып қа­зақ­тың қасиетті ордасы А­станаға аттанған тұста, яғни қыр­күйек айының 22-сі күні бай­өлкеліктер үшін ежелден бе­рі қыран баптаушылардың ұйық мекені саналып келген «Қызыл қайың» ауылында құсбегі қыздар арасында жарыс ұйымдастырылды деп, ха­­бар­лайды моңғолиялық ақпа­рат көзі «МОНЦАМЭ» агент­тігі.

Айшолпанның жетісті­гінен кейін аталмыш өлкеде бал­дағына құс қондырған қыздар көбейген. Жергілікті ат­қа­мінерлер бұл жолғы құсбегілер тойын өткен ғасыр­дың басында саятшылық өнер­ді игеруімен даңқы шық­қан Қожамжар төренің қызы Ал­ма­ның құрметіне орай өткіз­ген көрінеді. 

Саятшы апамыздың атын ұлықтау мақсатында есімі қойылған «Алматөбе» басында өткен қыз құсбегілер сайысына 8 және 16 жас ара­лы­ғында 12 бойжеткен бүр­кіт­ші қатысып, олар құс­ты қолға шақыру, шыр­ға­­ғ­а салу сияқты аталым­дар бойынша сайысыпты. Ақыр­­ғы қорытындыда қы­зыл­­­қайыңдық бүр­кітші қыз Н.Сұлу­шаш үздік деп та­ныл­­са, келесі жүлделі орын­дар­ға Б.Бал­дыр, С.Ақелік ат­­ты қа­рын­дастарымыз ие болыпты.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар