Технология • 26 Қыркүйек, 2018

Қазақстанда неміс технологияларын қолдануды жоспарлап отыр

241 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақын арада неміс Merus компаниясы Қазақстан Республикасындағы жабдықтарды сынамалық пайдалануды бастайды. Бұл туралы компанияның Қазақстандағы өкілдігі және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ҚазОрталығы» АҚ) келісімге келді.

Қазақстанда неміс технологияларын қолдануды жоспарлап отыр

Жасалған шартқа сәйкес, тараптар жылу құбырларын нығайтуға және пайдалану мерзімін ұзартуға  арналған арнайы құрылғыларды орнату және сынамақтан өткізу бойынша бірқатар шаралар кешенін өткізуді жоспарлап отыр.

Германиядан келген өкілдердің айтуынша, Merus технологиясын көптеген жылдар бойы қолдану тәжірибесі жылу және сумен жабдықтау жүйелерінде пайдаланылған кезде олардың жоғары тиімділігін көрсетті. Құбырдың айналасында орнатылған арнайы сақина құбырлардан және тиісті жабдықтан қақ, тот пен бактерияларды алып тастайтын молекулалық тербелістерді құрайды. Жойылған бөлшектер құбырлардан жуылады, жүйенің бастапқы жоғары өнімділік сипаттамаларын қалпына келтіреді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл технология үйлер мен ғимараттардың жылыту және күтіп ұстау шығындарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Жақын арада Merus өзінің жабдықтарын Астана қаласында 6 айдың ішінде пилоттық пайдалану үшін  жеткізеді және орнатады. Осы кезеңде мамандандырылған зертханалар сынақ пайдалану нәтижелерінің техникалық және зияткерлік зерттеулерін жүргізеді.

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің басшылығының тапсырмасы бойынша біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында алдыңғы қатарлы шетелдік технологияларды зерделеу  және сынамақтан өткізу бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Мұндай технологияларды сынамалық пайдаланудың оң нәтижесі болған жағдайда, бұл немесе басқа компаниямен одан әрі ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыратын боламыз», - деді «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев.

Merus құрылғыларын орнату және сынамақтан өткізу бойынша пилоттық жоба Астана қаласы әкімдігінің,  «Астана-Теплотранзит» АҚ басшылығы мен «Астана Су Арнасы» МКК-нің қолдауымен жүзеге асырылатын болады.