29 Желтоқсан, 2011

Жемқорлыққа тосқауыл

242 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жемқорлық әлеуметтік кесел ретінде қазіргі кезеңде де салық қатынас­та­ры салаларында орын алып отыр. Бұл кесел, ең алдымен, салық қызметі ор­ган­дарының имиджіне кесірін тигізіп, са­лық төлеушілердің сеніміне кө­лең­ке тү­с­еретін болса, екінші жағынан мем­ле­кет­тің нарықтық экономиканы да­мы­ту­ға қауіп төндіріп, экономикалық және ұлттық қауіпсіздікке зиян  келтіреді.

Тұрғындардың және кәсіпкерлердің төмен дәрежедегі салық мәдениеті жем­қорлыққа жағдай туғызатын фак­торлардың бірінен саналады. Салық заңнамасының ережелерін білмеудің салдарынан салық төлеушілер еркінен тыс тәртіп бұзушылықтарға жол береді. Соның салдарынан әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сөйтіп, салық төлеушілер бұл жауапкершіліктен құ­ты­лу үшін әртүрлі сыбайластық әрекет­терге барып, жең ұшынан жалғасу жолын іздейді.

Міне осыған байланысты, Астана қаласы, Алматы аудандық салық бас­қар­масының ақпараттарды қабылдау және зерттеу орталығында барлық са­лық төлеушілер санаттары үшін ақпа­раттық тақта ілінген. Онда құжаттар­дың атқарылуы салық есептерінің, са­лық төлеу уақытының мерзімдері нақ­ты көрсетілген. Жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы сақтандыру жұмыс­тарын жүргізу үшін бірқатар шара­ларды жүзеге асыруға тура келеді. Атап айтқанда:

1) Қазақстан Республикасы салық заңнамасын насихаттау;

2) Бюджетке салық төлеу және басқа да міндетті төлемдерді өтеу жө­ніндегі өтем құжаттарын электрондық нұсқада жасау және электрондық есеп беру үшін арнайы бағдарлама қамта­масыз етіледі;

3) Салық төлеушілер (салық агенттері) қажетті құжаттарының жағдайын тексеру үшін арнайы терминалдар жү­йесін құру және дамыту;

4) Салық міндеттемелерінің орын­да­луы жөніндегі бюджетпен есеп айы­рысу тәртібі туралы хабарлама беріледі;

5) Салық қызметі органдарының хабарламалары мен жұмыс істеу үшін арнайы орталықтар жүйесін құру және дамыту;

6) Салық қызметі органдарының арнайы сайттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

7) Міндетті зейнетақы жарналарын аудару, әлеуметтік төлемдерді, басқа да міндетті бюджет төлемдерін және са­лықтарды төлеу үшін банкоматтар жү­йе­сін және басқа электрондық қондыр­ғы­ларды дамытуға (материалдық кө­мек­тен басқа) жан-жақты жағдай жасау.

Қазақстан Республикасы салық заң­намасын насихаттау салық мәселелері бойынша салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жан-жақты білімін арт­тырады. Салық қызметі органдары Қа­зақстан Республикасы салық заңнама­сын насихаттауды семинарлар, отырыс­тар, салық төлеушілермен (салық агент­терімен) кездесулер өткізу арқы­лы, бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпараттық тақталарда хабарланды­рулар беру арқылы, буклеттер мен баспа материалдарын шығару арқылы, сонымен бірге бейне, аудио таспаларын және басқа техникалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырады. Осыған байланысты осы мақала арқылы жеке кәсіпкерлерге салық есептерін тапсырудың негізгі мерзімдері туралы хабарламақпыз.

Әлеуметтік салық және жеке табыс салығы бойынша декларация (ф.200.00) – келесі есептік тоқсанның екінші айының 15-ші күнінен кешіктірілмеуі керек.

Әлеуметтік өтемдердің қаржысын есептеу және аудару; Міндетті зейнет­ақы жарналарының қаржысын аудару және есептеу, ұстап қалу есептері (ф.201.00) – келесі есептік тоқсанның екінші айының 15-ші күнінен кешіктірілмеуі керек.

Жеке табыс салығы жөніндегі декларация (ф.220.00) – келесі есептік тоқсанның 31 наурызынан кешіктірілмеуі қажет.

Шағын бизнес субъектілері үшін жеңілдетілген декларация (ф.910.00) – келесі есептік тоқсанның екінші айы­ның 15-ші күнінен кешіктірілмеуі керек.

Патент алу  үшін есеп айырысу (ф.911.00) – бұрынғы патенттің мерзімі бітпей тұрып, екінші патент алу ара­лығында.

Көлік құралдары салығы жөніндегі, жер және мүлік салығы жөніндегі декларация (ф.700.00) – келесі есептік жыл­дың 31 наурызынан кешіктірілмеуі тиіс.

Жер салығы және мүлік салығы жөніндегі ағымдағы төлем есептері (Ф. 701.01) – келесі есептік тоқсанның ек­інші айының 15-ші күнінен кешіктірілмеуі керек.

Салық органдардың келесі айдың тіркелу есебіне қою әр айдың 15- жұлдызынан кешіктірілмеуі тиіс. Ны­сан­дарды алдағы айда сенімді басқа­ру­ға немесе жалға беру, сол айдың 15 -ші күнінен кешіктірілмей тіркелуі керек.

Жер телімін пайдалану үшін ағым­дағы төлемдер жасау есебі (ф.851.00) – жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірілмеуі керек.

Қоршаған  ортаның эмиссиясы үшін төлем жөніндегі декларация (ф.870.00) – келесі есептік тоқсанның екінші айының 15-ші күнінен кешіктірілмеуі керек.

Динара ЕРҒАЛИЕВА, Салық басқармасының қызметкері.