
Құтқарушылар әзірге 300 мыңнан астам тұрғыны бар Дунгала ауданына жете алмады. Ал бұл аудан жер сілкінісінің орталығы болып есептеліп келген. Мемлекеттің вице-президенті Юсуф Калла қаза болғандардың саны бірнеше мыңдарға жетуі мүмкін екенін айтты.
Жер сілкініснің магнитудасы 7,7-ні көрсетіп отыр, алайда үлкен апатқа жер сілкінісінің кесірінен болған цунами алып келген.
Индонезияның төтенше жағдайлар министрі Сутопо Пурво Нугрохо цунами толқынының биіктігі 6 метрге жеткенін айтты. Қауіпті аймақтағы жұмыстарға Палу қаласындағы электр желісінің істен шығуы кедергі келтіруде. Сулавеси аралындағы негізгі сілкіністен кейін де кішкене сілкіністер бірнеше сағатқа созылған.