Спорт • 30 Қыркүйек, 2018

Анна Орляк ушудан әлем чемпионатында күміс иеленді

42 реткөрсетілді

Ақтаулық спортшы Анна Орляк ушудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Байрақты дода осы күндері Болгарияда өтіп жатыр. Онда әлемнің жүздеген атлеті медальдар үшін бақ таластыруда. Анна Орляк ушудың тайцзицюань түрінде үздік болып, екінші орынға ие болды. Мамандардың айтуынша, чемпионаттың ауқымы мен беделін ескерер болсақ, бұл «күміс» «алтынмен» пара-пар. Тайцзицюань - ушу түрлерінің бірі. Сауықтыру жаттығуы ретінде кеңінен танымал. Бірақ «цюань» сөзі тайцзицюаньнің жауынгерлік өнер екенін білдіреді.

Айта кетейік, Анна Орляк Қазақстан атынан сынға түскен жалғыз спортшы. Ол бұған дейін Бразилияда өткен әлем чемпионатында екі қола медаль еншілеген болатын.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар