Үкімет • 01 Қазан, 2018

Ғылыми жетістікті коммерцияландыру – табыс көзі

124 реткөрсетілді

Сенатта Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыру аясында ғылым туралы заңнаманы іске асыру мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері талқыланды. Шараны Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті ұйымдастырды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. 

Сенат комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру ғылыми қамтылған экономиканы қалыптастыруға, ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізуге және иннова­циялық өнімдер өндіруге ықпал ететініне қатысушылардың наза­рын аударды. «Ғылыми нә­ти­­желерді коммерцияландыру, оларды экономикалық ай­­на­­­лымға тарту аса маңыз­ды мәселе. Біздің басты мақ­саты­мыз – ғылым және ғылыми-тех­ни­ка­лық қызмет нәтижелерін коммер­ция­ландырудың заң­намалық тұрғыда қарқынды дамуына барлық жағдайды жасау», деп атап өтті сенатор. 

Дөңгелек үстел отырысына Сенат депутаттары, мемлекеттік басқару органдарының, ғылыми-зерттеу институттарының, ғы­лы­ми ұйымдар мен жоға­ры оқу орындарының, «Нұр Отан» партиясының, «Атаме­кен» ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы­ның басшылары мен өкілдері, ғалымдар мен жетекші мамандар қатысты.

Басқосуда ғылымды дамыту және оның нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі ауқымды мәселелер бойынша пікірсайыстар болды. 

Дөңгелек үстел қорытын­­­дысы бойынша Парла­мент Сенатының депутаты, академик Бақытжан Жұмағұлов сөз сөйледі.

Ол Қазақстанның ғылыми және ғылыми-инновациялық саласы бүгінгі күні ғана емес, сон­дай-ақ болашақта да маңы­зы зор құнды нәтиже­лерге қол жеткізетінін атап өтті. Атап айтқанда, ауыл шаруашы­лығында белсенді инновациялық үрдіс дамып келеді. «Байсерке-Агро» холдингі бүгінде жетек­ші кәсіпорындар қатары­нан орын алды, олар бірқатар бағыт­тар бойынша рекордтық көрсет­кіш­терге қол жеткізді. Аса ма­ңызды міндеттердің қата­рын­да ауыл шаруашылығы ғылымы мен бизнес арасындағы кедергілерді жою, мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру, цифрлық технологияларды енгізу бар. 

Б.Жұмағұлов, сондай-ақ осы саладағы бірқатар мәселе­лерді атап өтті. Олардың бірі – бизнестің ғылымға және тех­нологиялық жетістіктерге жүйелі сұранысының жоқтығы.

Сенатор Елбасы Н.Назар­баевтың Жолдауында «нақты сек­тор­дың жаңа технология­ларға сұранысын ынталандыру» міндеті қойылғанын атап өтті. Оны шешу үшін бірқатар министрліктердің, Үкімет пен Парламенттің күш-жігерін бірік­­тіріп, заң шығару саласын­да ауқымды жұмыстарды жүзеге асыру қажет. Ойласқан тұжы­рымдамалар, заң жобалары жұмыстарын стратегиялық жос­парлау, олардың жүйелі және келісілген әрекеттері бірінші кезекке шығатын болады. 

Дөңгелек үстелдің қорытын­дысы бойынша нақты ұсыныстар жасалды. Сенаторлар Қаржы министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, ғылымды қаржыландыру­ды ішкі жалпы өнімнің 1про­центі деңгейіне жеткізу, жыл сайын жас ғалымдар үшін ғылыми зерттеулерге гранттық қаржыландыруды қарастыру, Салық кодексіне өзгертулер енгізу арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын қосылған құн салығынан босату жөнінде шаралар қабылдау қажет деп санайды. 

Білім және ғылым министр­лігіне ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға мемле­кеттік қолдауды ұлғайту, қолдан­балы ғылыми зерттеулердің ке­зең-кезеңімен ағылшын тілі­не көшуін жүзеге асыру бо­йынша шаралар қабылдау, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу арқылы қолданбалы зерттеулер мен жаңалықтар үшін жеке сектордан қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету тетігін әзірлеу және тағы басқа мүмкіндіктерді қарастыру ұсынылды. 

Дөңгелек үстел аясында «Ғылым-Бизнес-Өндіріс» көрмесі өткізілді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Сексеуіл, тораңғы және ілбіс

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар