Футбол • 01 Қазан, 2018

Регбиден Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Регбиден Қазақстан әйелдер командасы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия турының екінші кезеңінде күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Регбиден Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болды

Қазақстан құрамасы турнир барысында Жапониядан ғана жеңілді. Есеп – 17:12.

Финалға дейін біздің команда Қытайды 29:5, Гонконгты 26:14, Таиландты 17:0 есебімен тізе бүктірген болатын. 

Бір айта кетерлігі, Азия турының бірінші айналымында Қазақстан Қытайға есе жіберген еді. Бұл жолы айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

"Азия турының бірінші кезеңі Азиаданың ізін ала өткен еді. Сол себепті, қатарынан екі ірі жарыста сынға түсу қыздарға аздап қиын соқты. Десе де, аздаған үзілістен соң біз сәтті өнер көрсеттік. Екінші турдың финалдық сынында бір ойыншымыз екі минуттық ескерту алмағанда, есеп басқаша бола ма еді? Өкінгенмен пайда жоқ. Енді бар күшімізді үшінші әрі соңғы кезеңге сақтап отырмыз", - деді команда бас бапкері Валерий Попов. 

Еске сала кетейік, Азия турының бірінші кезеңінде Қазақстан құрамасы үшінші сатыдан көрінді. 

ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі