«Саташ» фильмі Варшава кинофестиваліне қатысады

Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған режиссер Төлеген Байтөкеновтың түсірген «Саташ» вестерн жанрындағы фильмі биыл қазанның 12-і мен 21-і аралығында өтетін 34-ші Варшава кинофестивалінің «1-2 Competition» атты конкурстық бағдарламасына қатысады. 

Егемен Қазақстан
01.10.2018 2632
2

Бұл байқауда әлемнің түкпір-түкпірінен келген режиссердің алғашқы немесе екінші рет түсірген толықметражды көркем фильмдері көрсетіледі.

«Саташ» фильмі туған ауылына басып кірген қылмыскерлермен жалғыз күреске түскен учаскелік полицей туралы баяндайды. Фильмнің басты кейіпкері Саташ есімді ауылдың учаскелік полицейі ауыл тұрғындарына күш жұмсаған қылмыскерлерге төтеп беріп, өзінің борышын соңына дейін өтейді.

«Біздің түсірілім тобы түсірген фильмді осындай белді кинофестиваль таңдап алғанына қуанып отырмын. Картина көрермендерге арналған жанрлық фильм болып шыққан, десе де фестивальдерге қатысуға лайықты болып шыққаны маңызды. «Саташ» фильмі – менің алғашқы толықметражды туындым, сондықтан да, бұл фильміме артып отырған үлкен жауапкешілікті сеземін.  Қазан айының соңында фильм отындық прокатқа шығады. Отандық көрермендердің көңілдерінен шығады деп үміттенемін», - деді режиссер Төлеген Байтүкенов.

1985 жылы құрылған Варшава кинофестивалі әлемге әйгілі Канн, Берлин және Венеция кинофестивальдері секілді FIAPF (Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясы) тіркеуінен өткен. Фестивальдің мақсаты -  әлемдік кинематографтағы ең жаңа әрі қызықты жобаларымен таныстыру.

 

«Біздің мақсатымыз, фильмді «Оскар» жүлдесін алғанға дейін көрерменге көрсетіп, ал режиссерді Канн кинофестивалінде марапатқа ие болғанға дейін таныстыру. Біз әлемге танылған киногерлердің соңынан жүгірмейміз. Мысалы, Михаэль Ханеке, Кристиан Мунджу, Павел Павликовски, Ари Фолман, Асгар Фархади сынды басқа да киногерлер, атақ-даңққа жеткенге дейін біздің фестивальдің қонақтары болған», - деп атап өтті Warsaw Film Festival фестивалінің ұйымдастырушылары.

Сондай-ақ Варшава кинофестивалінде тәуелсіз және инновациялық киноларға арналған «Free Spirit», сондай-ақ деректі және қысқаметражды фильмдерге арналған конкурстық бағдарламалар бар. Ал конкурстан тыс бағдарламалар шеңберінде «Польша классикасы», польшалық  қысқаметражды фильмдер және халықаралық кинофестивальдерде көрсетілген әлемдік фильмдер көрсетіледі.

Анықтама:

«Саташ»

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ

Жанры: вестерн, драма

Ұзақтығы: 91 минут

Режиссері: Төлеген Байтүкенов

Сценарий авторлары: Төлеген Байтүкенов, Инна Байтүкенова, Андрей Тен

Қоюшы оператор: Александр Рубанов

Продюсері: Шынар Бөрібаева

Рөлдерде: Ақылхан Алмасов, Дина Тасболатова, Шыңғыс Капин, Ержан Нүсіпақынов

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.01.2019

Мектеп түлегі «Болашақпен» оқи алады

21.01.2019

Шағын фермалардағы жоғарғы технология

21.01.2019

Қостанай облысы өткен жылы алғаш рет экспортқа мол ет шығарды

21.01.2019

Тереза Мэй Еуроодақтан шығуға байланысты қосымша жоспарын таныстырады

21.01.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Республикасы Президентінің ресми сапары бойынша брифинг өткізді

21.01.2019

Қазақстанда соңғы 10 жылда нәрестелер өлімі-жітімі екі есе төмендеді

21.01.2019

Қарағандыда мамандандырылған фронт-офис ашылды

21.01.2019

Нұрлан НҰРҒАЛИЕВ: Ағам – мен үшін нағыз қаһарман!

21.01.2019

Әулиеатада денсаулық сақтау деңгейі жақсарып келеді

21.01.2019

Сыр өңірінің «Өлкетану» оқулығы әзірленді

21.01.2019

Қызылорда облысында экспорт көлемі артады

21.01.2019

Жылқының сүйек құрылымы

21.01.2019

Сәби өлімі неге көп?

21.01.2019

Алматылық студенттердің ішімдікті қаншалықты тұтынатыны зерттелді

21.01.2019

Б.Сағынтаев «Франция–Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесу өткізді

21.01.2019

Ақтөбеде сегіз өзеннің арнасы тазаланып, тереңдетіледі

21.01.2019

Маңғыстауда шетелдіктер тастап кеткен кемелерді сатып алып жүр

21.01.2019

Әл-Фараби ауданына спорттық сауықтыру орталықтары қажет

21.01.2019

Қазақстанда қара және түрлі-түсті металды шетелге шығаруға тыйым салынды

21.01.2019

Қызылорда облысында 283 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу