Әлем • 01 Қазан, 2018

Бүгін - дүниежүзілік кофе күні

1181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шаршағанды басып, белсенділікті қалпына келтіретін хош иісті сусын күні жекелей мереке ретінде 2015 жылдан бері 1 қазанға бекітіліп, тойланып келеді.

Бүгін - дүниежүзілік кофе күні

Ең алғаш ресми мерекелік шаралар Жапонияда  1983 жылы жергілікті кофе қауымдастықтарының бастамасымен ұйымдастырылған. Мерекеге орай, назарларыңызға бірнеше қызықты фактілер ұсынамыз:

  1. Кофе ағашының биіктігі 9 м-ден асады.
  2. Кофе ағашы 60-70 жыл өмір сүреді.
  3. «Американо» Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болған. Себебі әскерлер еуропалық қою кофені іше алмағандықтан, оған су қосып тұтынған.
  4. Кофені ең көп тұтынушылар Финляндияда, бір адам күніне орта есеппен 5 кесе кофе ішеді.
  5. Жапония әлемде кофе сусынын тұтушылар жөнінен 3-ші орында.
  6. Кофенің құрамында 800 ароматты қоспа бар.
  7. Кофе әлемдік рейтингте сұранысқа ие тауар, себебі мұнайдан кейінгі 2-ші орынды иеленген.
  8. Кофе тістегі бактериялардың эмальды жеміруіне қарсы көмектеседі.
  9. Италиялықтар кофені қантпен, мексикалықтар корицамен, немістер мен швейцариялықтар ыстық шоколадпен, белгиялықтар шоколадпен ішеді. Эфиопиялықтар кофеге тұз, мароккалықтар бұрыш қосып, тұтынады.
Соңғы жаңалықтар

Жетісудың Қызылтас аумағында экоакция өтті

«Таза Қазақстан» • 03 Қазан, 2024

Ринат Заитов: Төл өнерге төр керек

Мәдениет • 03 Қазан, 2024

Жоғарғы Сот судьясы сайланды

Сенат • 03 Қазан, 2024

Бітімгер әйелдердің саны артады

Әйел әлемі • 03 Қазан, 2024