Әлем • 02 Қазан, 2018

Бурса мен Қапшағай арасында байланыс орнады

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісудағы Қапшағай мен Түркиядағы Бурсаның бауырлас қала болғанына аз ғана уақыт болды. Қазір екіжақты байланыс нығайып, іскерлік бағыттарға келісім жасау жұмыстары жолға қойылған.

Бурса мен Қапшағай арасында байланыс орнады

Жақында Бурса қаласының делегациясы Қапшағай қа­ла­сына жұмыс сапарымен келіп, іскер әйелдермен кез­десті. Делегация құрамында Бу­рса қаласының әйелдер конфе­дерациясының президенті Ди­лек Дурак, Бурса қаласының әйел кәсіпкерлері ұйымының жетекшісі Сельвиназ Ирман, Түркі халықтары қорының пре­зиденті Ахмед Дагдуран және де басқа құрметті қонақтар болды. Бурсалықтар жасанды теңіз жағасындағы қаладағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағ­дайымен танысты. Кездесуде Ал­маты облысы Іскер әйелдер кеңес­інің мүшесі, Іле ауданы ша­ғын кәсіпкерлері қауымдас­ты­ғының президенті Жанна Телпекбаева өңірдегі әйел кәсіп­керлігінің дамуы жөнінде әңгімеледі.

Ал Қапшағай қаласындағы Іскер әйелдер кеңесінің төра­йымы Гүлжан Исканованың айтуынша, қалада тіркелген 3,4 мың шағын және орта бизнес субъектілерінің жартысы нәзік жандылардың үле­сінде. Қаладағы әйелдер биз­несі негізінен сауда, қоғам­дық тамақтандыру мен қыз­мет көрсету саласында шоғыр­ланған. Өткен жылы іскер әйелдердің бастамасымен «Бәрі де рахмет үшін» әлеуметтік дүкені ашылған екен. 

Ал түрік делегациясы туризм, ауыл шаруашылығы, сүт өңдеу, тігін-тоқыма өндірісі, сонымен бірге әлеуметтік сала, қолөнер саласындағы жо­ба­ларға инвестиция құйып, бір­ге жұмыс жасауға дайын екен­дерін жеткізді. Кездесу нәти­жесінде Қапшағай қаласының Іскер әйелдер кеңесі мен Түр­кі халықтарының қоры ара­сын­дағы әріптестік жөніндегі мемо­рандумға қол қойылмақ. 

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар