Сараптама нәтижесі бойынша, биылғы сауда қарқыны 4,4% орнына 3,9%, ал келесі жылы 4% орнына 3,7% болады деп күтілуде. Естеріңізге салсақ, былтырғы жылғы өсім 4,7% болатын.
ДСҰ айтуынша, мұндай болжам жасаудың себебі халықаралық сауда қиыншылықтары. Бұл ең алдымен АҚШ-тың протекционистік саясатымен байланысты. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда соғысының салдары әзірге біліне қоймаған.
Сонымен қатар, монетарлы саясаттың қатал негіз алуы да ДСҰ-ның назарында.
Осы жылдың басынан АҚШ-тың федералды қоры есептік мөлшерлемесін үш рет көтерген болатын. Соңғы қымбаттау сәрсенбі күні тіркелген. Бақылаушылар федералды қор жүйесі бұл саясатын келесі жылы да жалғастыратынына сенімді.