Айтулы жарыста Қазақстан, Үндістан, Иран және Өзбекстаннан келген алты команда өнер көрсетеді. Солардың үшеуі біздің елдің гандболшылары. Олар – Қызылорданың «Қайсары» және «Алматы» мен «Астана» клубтары. Жерлестеріміздің барлығы да өздерінің тұсаукесер кездесулерін бүгін өткізеді. Сыр бойынан келген сұлулар Иранның «Лорестанымен» шеберлік байқасса, астаналық арулар Өзбекстанның АГМК-сымен күш сынасады. Ал «Алматы» Үндістанның «Т. Спортсына» қарсы ойнайды.
Бұл бәсекелер 9 қазанда өз мәресіне жетеді.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ