Қазақстан • 04 Қазан, 2018

Интернет арқылы да проблема шешуге болады

763 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда мемлекеттік кіріс органдары 48 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 26 қызмет түрі жүзеге асырылады.

Интернет арқылы да проблема шешуге болады

Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерлан Жанбаевтың айтуынша, бұған дейін қағаз форматында ұсынылып келген 14 қызмет электрондық үлгіге аударылып жатыр. Мемлекеттік органдардың халықпен байланысы жақсы жолға қойылған. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі облыстық комис­сияның кезекті отырысында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев департамент жұмысына оң баға берді. Оған негіз де жоқ емес. «Елбасы тапсырмасына сәйкес мемлекеттік органдардың жұртшылықпен кері байланыс орнату жұмысы жүргізілуде және барлық деңгейдегі басшылар азаматтарды жеке қабылдайды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде Telegram және ACQ қосымшасы белсен­ді жұмыс істеп тұр. Олардың әрқай­сы­­сында 3000-нан астам адам тір­кел­ген, барлық өтініштер жан-жақ­ты қарастырылып, содан кейін халық­пен тікелей байланысқа шығады», – деді облыс әкімі. 

Бұл ретте «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының маңызы зор болып отыр. Сондай-ақ «Ақылды қала» тұжырымдамасы негізінде Атырауда 18 ғаламторды тегін пайдалану нүктелері іске қосылған. Әлеуметтік желі арқылы мәселе шешіп, мемлекеттік органдармен бай­­ла­нысуға тұрғындар да үйрене баста­ды. Чат-канал мен мобильді қосым­шалар арқылы түскен шағым­дар жер­гілікті атқарушы органдарға елді мекендердегі проблемалық жайт­тар­ды анықтауға септігін тигі­зеді. Өткен жылы Атырау облыс­тық әкімдігі мен ХҚКО халыққа 2,7 млн мемлекеттік қызмет көрсеткен еді.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ