31 Желтоқсан, 2011

Кемеліне келген Кеден одағы

523 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Биылғы жыл күнтізбесіндегі атқарылған шаралардың бірі – Біртұтас экономикалық кеңістік құруға жасалған қадамдар болып табылады. Эко­но­микалық ықпалдастықтың негізгі төрт сатысы, бірінші сатысы – еркін сауда аймағы, екінші сатысы – Кеден одағы, үшінші сатысы – біртұтас эко­номикалық кеңістік, төртінші сатысы – экономикалық одақ десек, өт­кен 2 жыл ішінде екі сатыдан өткен Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері екінші сатыны мейлінше бекіте түсті. Бұл орайда Кеден одағының сыртқы саясат, техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шараларды, кедендік әкімшілік шараларын, салық салу негіздерін және тағы басқа салаларды ретке келтіретін шарттық-құқықтық базасы қалып­тас­тырылды. Ал 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Кеден одағының Кеден кодексі күшіне кірді. Осы арқылы үш елдің арасындағы кедендік ресімдеу алы­нып тасталды. Біз осы маңызды міндеттерді орындаудағы жұмыс нәти­же­лері туралы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Серік БАЙМАҒАНБЕТОВПЕН әңгімелескен едік. – Серік Нұртайұлы, әуелі кеден жүйесі туралы қыс­қа­ша айтып өтсеңіз. – Кеден жүйесі сыртқы сау­даны мемлекеттік реттеу­дің және ел бюджетінің кіріс бө­лігін толықтырудың қозғау­шы тетігі болып табылады. Шетел­дік серіктестермен сау­да-эко­­номикалық қарым-қа­ты­насты, іскер, ғылыми және өн­дірістік топтардың дамуына ықпал етіп отырған қазіргі за­манғы көп функциялы кеден қызметі елі­міз­дің эко­но­ми­калық өмірінің ажырамас бө­лі­гіне айна­лып отыр. Бүгінгі таңда Қазақ­­­стан­ның эко­номикалық даму стратегиясы кеден қыз­ме­ті­нен еліміздің әлемдік экономикадағы бәсе­ке­ге қабілеттілігін арттырып, Кеден одағын­дағы кедендік ресімдеулерді үй­лес­ті­ру­ді, сон­дай-ақ ұлттық шекараның өңірлік эко­­но­микалық қауіпсіздігін сақтауды талап етеді. – Өткен жылы іске қосылған Кеден одағы қа­лай жұмыс істеуде? Оған артыл­ған үміт қаншалықты ақталуда? – 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолда­нысқа енген Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт бірыңғай кедендік аумақ құру­дың шегіне жетіп үш елдің арасындағы Кеден одағын қалыптастырудың алғашқы кезе­ңіне жол ашты. Кеден одағының жұмыс істеуі аясында санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық, бақылаудың рұқсаттама құ­жаттарын өзара тану және техникалық рет­теулер қамтамасыз етілді. Кеден органда­рының өзара іс-әрекетінің негізгі мақсаты кеден заңнамасын үйлестіру, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау тәртібі және ресімдерін біріздендіру, оңайлату және автоматтандыру болып табылады. Қазірдің өзінде Кеден одағының тиімділігі еліміздің көптеген бизнес қауым­дас­тық­тарының өкілдері тарапынан оң баға алып отыр. Халықаралық транзит көлемі өсуі, шекара маңындағы сауданың көбеюі, кәсіп­ор­ындар өздерінің кооперациялық байланыс­тарын кеңейтуі, жалпы алғанда, бизнестің өзара саудадағы шығындарын қысқартуға ықпал етіп отыр. Мысалы, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап 2011 жылғы 1 шілдеге дейінгі 1 жыл ішінде біртұтас кедендік аумақ­тағы өзара сауда айналымы 2009 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 50%-ға артып, 23 млрд. АҚШ долларына жетті. Тағы бір ерекше айтып өтер жәйт, 2011 жылғы 1 шілдеде мемлекеттік бақылауды мем­лекеттік шекараның Қазақстан-Ресей учаскесінен Кеден одағының кедендік шек­ара­сының сыртқы шебіне ауыстыру екінші кезең әрі маңызды сәттердің бірі болды. 32 кеден бекеті қысқартылып, штат бойынша 580 қызметкер Кеден одағының сыртқы шек­­арасына ауыстырылды. Осылайша бар­лық күш Кеден одағының сыртқы шекара­сын нығайтуға жұмсалып, барлық автокөлік пункттердің инфрақұрылымын халықаралық талаптарға сай қазіргі заманғы технологиялармен жабдықтауға жұмсалды. Қазіргі уақытта көптеген автокөлік пункттерін 2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағы комис­сиясының №688 шешімімен бекітілген та­лаптарға сай инспекторлық тексеру кешендері мен тауарларды жеткізудің автомат­тан­ды­рылған жүйесі және электронды өткізу пункттерімен қайта жабдықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Кедендік бақылаудың техникалық құра­лының көмегімен кеден қызметкері шекара арқылы өтетін тауарлар мен құралдардың ілеспе құжаттарына сай екендігін анықтай алады. Бұл жүк және тауар тасымалының кедендік бақылауына кететін уақытты едәуір қысқартып қана қоймай, көлік құрал­да­рын­дағы тексеруге қиын ор­ындарды қарауға үлкен мүм­кіндік береді. Кеден ода­ғы­ның сыртқы шек­ара­ларының Қазақстанға тиесілі аумақт­а­рындағы өткізу пункттерінде кедендік бақы­лаудың заманауи, жоғары тех­нологиялық жабдықтары, атап айтқанда, ірі жүктер мен көлік құрал­­дарын, жеке тұл­ғалар мен олардың қол жүк­те­рін адам­ның ара­ласуынсыз бақы­лау­ды жү­зеге асы­ратын рентгенді-ска­нерлі қон­дыр­­ғы­­лар қойыл­ды. Рес­публика бой­ын­­ша төрт нүк­теде (Шымкент, Ақ­тау, Алматы, Астана қа­лаларында) жедел басқару ор­талық­та­ры жұмыс жасайды. Кеден ода­­ғының ішкі шек­­­араларында кедендік бақы­лау­дың алынуына бай­ла­нысты Ресеймен шекаралас бірқатар кеден орган­да­ры­н­д­а оңтайландыру ша­рала­ры аяқтал­ды. Ол жақтағы қыс­­­қар­тылған кеден бекеттері қызметкерлері есебінен оңтүс­тіктегі сыртқы шекаралар нығай­тылды. – Кедендік бақылау қызметіне тоқта­лып өтсеңіз. – Бүгінгі таңда қазақстандық кеден қыз­меті 18 автокөліктік, 5 теміржолдық, 2 те­ңіздік және 11 әуе қатынасында бақылау жүр­гізеді. Кеден одағының ішкі шек­ара­сын­дағы кедендік бақылау мен рәсімдердің алынуы одақтағы үш мемлекеттің кеден қызметіндегі ақпараттық және ұйымдас­ты­рушылық қатынасын күшейту құрылымын жетілдіруге септігін тигізеді. Кеден одағы­ның кеден саясатын жетілдіру бойынша біз­дің қызмет айтарлықтай жұмыстар жасады. Кеден одағының жұмыс істеуі шеңберінде жоғары деңгейлі әріптестік қалыптасты. Бағдарламалық құралдарды жасай оты­рып, біз кедендік транзиттің ішкі рәсіміне өттік. Үш ел арасындағы экспорттаушылар тауарларына салынатын қосымша құн са­лығының нақты тетігі қалыптасты. Кедендік өкілеттікпен арадағы қарым-қатынас нығай­ып, талдау және бақылау функциясына ар­налған ақпарат алмасу туралы шешім қол қоюға берілді. Ай сайын кеден қызмет­те­рі­нің басшылары кездесіп, үш елдегі кеден қызметінің технологиялық және ұйым­дастырушылық мәселелеріндегі бірлескен іс-қимылдарды талқылайды. – Кедендік салықтар мен төлемдердің артуы байқала ма? – Кеден одағы қызметінің жағымды тұс­тарының бірі осы – республикалық бюджетке өндірілетін кедендік салықтар мен тө­лем­дердің артуы болып отыр. Ағымдағы жылғы 9 айда мемлекет қазынасына ел кеденшілері 840 млрд. 918 млн. теңге түсірді, ол өткен жылмен салыстырғанда 354 млрд. теңгеге артық. Өндірілген кедендік төлемдер мен салықтар әр кеденшіге шаққанда 195,5 млн. теңге құрайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш кеден органдарының әр қызметкеріне шақ­қан­да 81, 5 млн. теңге болды. Ол респуб­ли­калық бюджеттің 37,4% құрайды. Жыл қо­ры­тындысында бюджетке триллион теңге­ден астам қаржы өндіру көзделуде. 2011 жылғы 9 айдың нәтижесінде Пост-кедендік бақылау басқармасы ел қазынасына қосым­ша 20,4 млрд. теңге өндірді. – Құқық бұзушылықтар да жоқ емес болар... – Құқық қорғау бағытында жүргізіліп жат­­қан жұмыстардың нәтижесі жаман емес. Бұл бағыттағы жұмыстар шұғыл-іздестіру, қыл­мыстық-процессуалдық, әкімшілік және ба­қы­лау-тексеру шараларына негізделген. Кө­бі­не кеден заңнамаларының бұзылуы орын ала­ды. Қазіргі таңда кеден сала­сын­да­ғы заң бұ­зушылықтарды анықтау жұмыста­ры жемісін беруде. 9 айдың ішінде кеден органдарының қызметкерлері 389 қылмыс­тық іс қозғап, 7 990 әкімшілік құқық бұзу­шылықты анық­та­ды. Осының нәтижесінде 9,6 млрд. теңгеге келтірілген зиян бюджетке өндірілді. Ұстал­ған тауарлардың және валюта контра­бан­да­сы­ның жалпы сомасы 860, 1 млн. теңгені құрады. Ағымдағы жылғы маусымда Кеден ода­ғындағы үш елдің басшылары Қазақстанда кездесіп, «Қорғас» кеденінде болды. Кездесуде контрабандаға қарсы күрестің механизмін жетілдіру талқыланды. Ақпарат алмасу, кедендік бақылаудың сапасын күшейту мақ­са­тында кеден органдары барлық құқық қор­ғау органдарымен тығыз байланыста. – Кеден қызметінің тиімділігін арт­ты­ру мақсатында қандай жұмыстар атқа­рылуда? – Қазақстандық кеден қызметінің тиімділігін арттыру алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды дамытуды қажет етеді. Қазіргі заманғы ақпараттық техноло­гия­лар­ды автоматтау мен дамыту кеден органда­рының басты бағыттарының бірі. Тиімділігі сол кедендік бақылау мен кедендік ресімдер үдерісін жеңілдетіп қана қоймай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара­сын­дағы өткізу пункттерінің жұмысына септігін тигізеді. Кеден органдарындағы ақпараттық жүйені жетілдіру «Электронды үкімет» бағдарламасы аясында іске асырылуда. Кеден одағының сыртқы шекарасындағы өткізу пункттеріндегі кедендік бақылауды жетілдіру және оны халықаралық стандарт­тарға сай сәйкестендіруде кеден органдары тарапынан жасалып отырған шаралар тиімді кедендік бақылау мен рәсімдеуге және сырт­қ­ы экономикалық қызметке қатысушы­лар­дың түрлі шығындарын қысқартуға бағыт­талған. Қазіргі кезде Үкімет Экспорт-им­порт операциялары бойынша «бір терезе» жо­басын қолдап, оны 2011-2013 жылдарда іске асыру жоспары жасалды. Бұл сауда және қатынас тараптарына бірыңғай ақпарат пен құжатты бір-ақ мәрте беру және өткі­зудің де біркелкі арнасын құру деген сөз. «Элек­тронды кеден» ақпараттық жүйесінің жаңа бағдарламаларын ендіру бойынша Қазақ­стан Кеден одағы құрамындағы өз міндеттерін орындауды да аяқтады. ТАИС (кедендік автоматтандырылған ақпарат жүйесі) бағдар­ламасының екінші кезеңі қосылды, яғни Кеден одағы нормаларына сәйкес элек­тронды нысандағы кеден құжаттарының жаңа фор­маттары ендірілді, тәуекелді бас­қа­рудың селективті бақылау жүйесі қолданыс­қа енді.

Қазақстан Республикасының кеден қыз­метіне жоба аясындағы инновациялық шешімдер халықаралық стандарттарға сәйкес­тен­діріліп, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жұмысын оңтайлан­ды­ру­ды қамтамасыз етіп қана қоймай, респуб­ли­ка­лық бюджетке өндірілетін түсімдер көле­мін ұлғайтады. Отандық экономиканың да­муына үлкен үлес қосып, жыл өткен сайын қыз­метін жетілдіріп келе жатқан қазақ­стандық кеден қызметі – ел тәуелсіздігінің құрдасы. Елбасымыздың кеден органдарына міндеттеген тапсырмалары орындалып, атал­­ған жұмыстар жалғасатын болады.

 Әңгімелескен Венера ТҮГЕЛБАЙ.