Әдебиет • 12 Қазан, 2018

Айтматов туралы кітап таныстырылды

277 реткөрсетілді

Қырғызстанның  Ош қаласында өтіп  жатқан ІІ қазақ-қырғыз зиялылары форумында Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) қолдауымен жарық көрген  «Айтматов. Империяның соңғы жазушысы» атты кітаптың таныстырылымы  өтті.

Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толуына орай  әзірленген  кітаптың авторы - Қырғызстанның мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, әдебиет  сыншысы Османкун Ибраимов. Кітап Шыңғыс Төреқұлұлының  өмірі мен шығармашылығына арналған.  Автор  Шыңғыс Айтматов  тұлғасын, жеке тағдыры мен әдеби   шығармашылығын,   саяси көзқарастары мен әлеуметтік пайымдарын   ХХ ғасырмен тығыз байланыстыра суреттеген. Әдетте мұндай  тұлғаларды «дәуір - адам»  деп те бағалап жатады. Сондықтан  кітап авторы Айтматов  шығармашылығын  сипаттай  келе жазушының Кеңес Одағы кезіндегі қоғамды, оның құндылықтары мен бірқатар ерекшеліктерін, сол дәуірдегі адам тағдырын  суреттеген шеберлігіне назар аударған.

TWESCO-ның қолдауымен  жарық көрген кітаптың тұсаукесері биыл көктемде Астана қаласында өткен «Айтматов тағылымы» атты бірінші қазақ-қырғыз зиялылары  форумында ұйымдастырылған  болатын.  Кейін  Бішкек қаласында аталған кітаптың тұсаукесері ұйымдастырылған еді. Ал, қазақ-қырғыз зиялылары ІІ форумында кітапты Ош  университетінде таныстырумен қатар, оны аталған оқу орнының кітапханасына табыс ету рәсімі де  өтті.

Соңғы жаңалықтар

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Бүгін, 08:49

Алаштанушы ғалымның белесі

Руханият • Бүгін, 08:47

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Бүгін, 08:46

Намазалы Омашұлы: Ел шежіресі

Руханият • Бүгін, 08:42

Тараз шаһарындағы тамаша түн

Аймақтар • Бүгін, 08:39

Тұңғыш Тіл форумы өтеді

Қоғам • Бүгін, 08:36

Патриархтың орындалған парызы

Руханият • Бүгін, 08:33

Кедергісіз келешек

Қоғам • Бүгін, 08:31

Жошы ханға ескерткіш орнатылады

Руханият • Бүгін, 08:24

Қазақтардың атқа міну мәдениеті

Қазақстан • Бүгін, 08:22

Еуроны сатып алушылар көбейді

Экономика • Бүгін, 08:20

АQR: 14 банкті «сауықтыру» керек пе?

Экономика • Бүгін, 08:15

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ұқсас жаңалықтар