Бокс • 12 Қазан, 2018

Кәсіпқой боксшы Әли Ахмедовтың айқын жеңісі

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокстан АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коста-Меса қаласында өткен қазақстандық Әли Ахмедов пен мексикалық Джовани Хавьер Гомес арасындағы жекпе-жек жерлесіміздің айқын жеңісімен аяқталды. 

Кәсіпқой боксшы Әли Ахмедовтың айқын жеңісі

Жартылай ауыр салмақта күш сынасып жүрген 27 жастағы Гомес осы күнге дейін 31 кездесуде 17 рет жеңіске жетіп, 11 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтаған еді. Ал 23 жастағы Ахмедов болса, 12 жекпе-жектің барлығында басымдық танытып, 9 қарсыласын есінен тандырды. Бұл кеште қазақстандық өреннің үстемдігі бірден байқалды.

Бәсеке басталған бетте тізгінді мықтап қолға алған Әли Джованниді ауыр соққылардың астына алды. Алғашында қарсылық көрсетуге тырысқан мексикалық боксшы ақырында бүйірінен қатты соққы жіберіп алды. Содан ол кездесуді жалғастыруға жарамады. Осылайша, бұл айқастың тағдыры бірінші раундта-ақ шешілді.

Осы жеңісінің арқасында Әли Ахмедов өзінің тиесілі NABF Junior нұсқасы бойынша чемпиондық атақты сақтап қалды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18