Әлем • 17 Қазан, 2018

Қазақ әдебиетінің антологиясы Мәскеуде жарық көреді

243 реткөрсетілді

16 қазанда Мәскеуде «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссия мен «Жаһандану жағдайындағы  заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының ресейлік серіктесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Нақтырақ айтсақ, «Қазіргі қазақ прозасының антологиясы» мен «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы» орыс тіліне ­аударылып, басып шығарылатын болды. 

Бұл іске М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің баспа үйі, сон­дай-ақ Ресей Жазушылар одағы­ның Мәскеу қалалық ұйымы атсалысады. 

Қазіргі заманғы қазақ әде­бие­тінің  үздік үлгілері жинағын БҰҰ-ның 6 тіліне аудару Қазақ­стан Республикасының Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаевтың бас­тамасымен қолға алынған «Ру­хани жаңғыру» бағдарламасы аясы­н­да жүзеге асып жатқаны мәлім. Бағдарламаның маңыз­ды бағыт­тарының бірі – «Жа­һан­­дану әлеміндегі заманауи қазақ­стандық мәдениет». Оның мақса­ты – заманауи қазақ әде­биетінің, музыкасы мен бейнелеу өнерінің жауһарларын,  кино мен театр, хореография саласының тәуелсіз­дік жылдарындағы табыс­тарын дүние жүзіне таныстыру. 

Меморандумға қол қою рә­сімі Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде, Қазақстан Респуб­ликасының Ресей Федерация­сындағы Төтенше және өкілет­ті елшісі Иманғали Тасмағам­бетов пен «Ұлттық аударма бюро­­сының» директоры Рауан Кен­жеханұлының қатысуы­мен өтті.  Қазақстан тарапынан мемо­рандумға «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасын жүзеге асыру жөнін­дегі ұлттық комиссияның хатшысы Аида Балаева қол қойды.  Рәсім барысында А.Балаева:

– Мәскеу мемлекеттік уни­верситеті мен Ресей жазушы­лар қауымының орталық ай­мақтағы ірі ұйымы­ның мол тәжірибесі мен жоғары беде­лі­нің арқасында жобамыз­дың сәтті жүзеге асатынына, яғни қазақ әдебиетінің орыс ті­лі­не аудармасының сапасы жо­ғары болатынына әрі басылым орыстілді кеңістікте кең та­ралатынына сенімдімін, –  деп жылы лебізін білдірді. 

Өз кезегінде Мәскеу мем­ле­кеттік университеті жанындағы баспа үйінің директоры Алек­сандр Веракса университет бас­пасы жобаның сәтті  жү­зеге асуы­ үшін оқу орнының та­лай жылғы тәжірибесіне арқа сүйеп, бар күштерін салаты­нын жеткізді. Ал Ресей Жазу­шылар одағы Мәскеу қала­лық ұйымының төрағасы Вла­димир Бояринов аудар­маны антологияға да­йын­дау ба­рысы Қазақстан мен ­Ресей қаламгерлері арасына алтын арқау болып, өзара мәдени ық­палдастыққа оң әсерін тигізе­тініне үміті зор екенін айтты. 

Меморандумда көрсетілген ынтымақтастық аясында Ресей Жазушылар одағының Мәскеу қалалық ұйымы әдеби жинақтар­ға сұрыпталған шығармалар­дың көркем аудармасымен және оны редакциялаумен айналысады. Ал Мәскеу мемлекеттік университетінің баспа үйі антологияны басып шығаруды, сон­дай-ақ оны орыстілді оқыр­мандарға таратуды, насихаттауды  ұйымдастырады. 

«Егемен-ақпарат»

Соңғы жаңалықтар

Абай дүкені – Бельгияда

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Риза Исаева

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Дәурен Дариябек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Назерке Саниязова

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақылбек Шаяхмет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еркеғали Бейсенов

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Көгедай Шәмерхан

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Жасұлан Серік

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақжол Қалшабек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрбек Нұржанұлы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 7

Руханият • Кеше

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Кеше

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Кеше

Кедергісіз келешек

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар