Аймақтар • 22 Қазан, 2018

Алматыда жасөспірімдерге арналған футбол орталығы ашылды

212 реткөрсетілді

Мемлекет басшысы  жуырда ғана Қазақстан халқына жол тартқан өз Жолдауында   өңір басшыларына 100 дене шынықтыру кешенін салып, қазіргі бар спорт орталықтарын тиімді пайдалану туралы тапсырма берген болатын.

Осы орайда, «Спутник» стадионының қайта жаңарту жұмыстарынан кейін Алматыда балалар мен жасөспірімдерге арналған су жаңа «Жас қыран» футбол орталығы ашылды.

Жаңа заман талабына сай жабдықталған стадионда 800 адамға арналған трибуна бой түзеген. Оған қоса жаттықтырушылар мен спортшылар үшін арнайы бөлмелер де бар. Итальядан әкелінген соңғы үлгідегі ФИФА-мен сертификаттандырылған дренажды жүйесі бар жасанды футбол алаңы орталықтың келбетіне өзгеше көрік қосып тұр. Елу білікті бапкер тәлім беретін орталықта  500-ден астам футболшының еркін жаттығуына қолайлы жағдай жасалған. Ескі орталықтың қайта жөндеу жұмыстары қала әкімдігі мен «Балалар мен жасөспірімдер футбол орталығы «Жас Қыран» ЖШС арасындағы ұзақ мерзімдегі келісім шарт нәтижесінде жүзеге асқан.

– Өздеріңіз білетіндей, Спутниктің тарихы өте бай. Көптеген футбол жұлдыздары өздерінің кәсіби мансаптарын осы жерден бастаған болатын. Бұл жастарға жаңа шабыт сыйлап, көптеген дарындардың жолын ашады деп сенемін Бұның барлығы Елбасымыздың спортты дамыту саясатының арқасында жүзеге асырылуда, – дейді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков.

Жыл басынан бері қалада «Спорт менің ауламда» жобасы аясында 18 мың адамның спортпен шұғылдануына жол ашылған. Сондай-ақ, жеке спорттық мекемелердің қолдауымен «Батыл бол» жобасы іске қосылды. Бұл жоба жағдайы төмен отбасыларға спортпен шұғылдануға мүмкіндік сыйлап отыр.

Шаһар басшысының сөзінше, бүгінгі танда Алматы велотрегінің жаңарту жұмыстары аяқталуға жақын, ал келер жылы мегаполисте 5 мың адамға арналған жабық жеңіл атлетика стадионы салынатын болады.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар