Әлем • 23 Қазан, 2018

Сауда-экономикалық байланыстарға серпін береді

190 реткөрсетілді

Қазақстан Президентінің өзге елдерге сапары барысында шетелдік бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастыруы дәстүрге айналған. Осының арқасында елімізге инвесторлардың қызығушылығы, әлем елдерімен сауда-экономикалық стратегиялық серіктестігіміздің ауқымы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Мемлекет басшысы айтып өткендей, соңғы жылдары Еуропа елдерімен тауар айналымы тұрақты түрде өсіп келе жатыр. Қазақ­станда Еуропа капиталының қатысуы­мен түрлі салаларда 3 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді.

Елбасының осы жолғы сапары бары­сында да еуропалық бизнес өкілдері­мен кездесуі Қазақстанда қолайлы инвес­тициялық климат қалыптасқанын және екіжақты әріптестік тиімді шарттар негі­зін­де жүзеге асырылатынын жоғары дәре­жеде тағы бір нақтылады.  

Бүгінде еуропалық инвесторлардың Қазақ­станға қызығушылығы жоғары. Ол тек қана шикізат саласына қатысты емес, еліміздің географиялық тұрғыдан орналасуы да – тартымдылықты еселей түсетін фактор. Мемлекет басшысы осы мәселеге ерекше көңіл бөліп, Қазақстан Еуропа мен Азия арасын байланыстыратын көпір болуға дайын екендігін баса айтты. Егер соңғы уақытта Еуропа және Азия елдері ара­сындағы байланыс қарқынды дамып келе жатқанын ескерсек, мұндай ұсыныс Қа­зақ­станға тиімді нәтиже алып келері сөзсіз. 

Айта кетерлігі, Брюссельде өткен «Азия-Еуропа» форумының 12-ші сам­­митінің негізгі тақырыбы да Азия мен Еуропа арасындағы байланысты күшейтуге арналды. Сол себепті бұл мәсе­ле төңірегіндегі пікір алмасу саммит шең­берінде де жалғасын тапты. Тұтастай алғанд­а, Елбасының Еуро­паның іскер топтар өкілдерімен кездесуі еліміздің сауда-эко­номикалық байланыстарына серпін беретін маңызды шара болды.

Жәнібек АРЫНОВ, 

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар