Технология • 23 Қазан, 2018

АҚШ колледждерінің бірінде робот сабақ бере бастады

260 реткөрсетілді

АҚШ ғалымдары робототехника бойынша түрлі эксперименттер жасап жатыр. Жақында робот Ұлыбритания парламенті алдында сөз сөйлейді деп күтілуде. Сондай-ақ АҚШ колледждерінің бірінде робот философия пәнінен сабақ бере бастады, деп хабарлайды hi-news.ru.

Фото: hi-news.ru

Эксперимент Вест-Пойнттағы АҚШ Әскери академиясының базасында өтті.  Дәріс барысында Bina48 роботы университет оқытушыларының бірі Уильям Барримен бірге шамамен 100 тыңдаушы болатын аудитория үшін философия пәнінен дәріс оқыды.

«Біз бұл эксперимент арқылы Bina48 роботының мүмкіндіктерін сынағымыз келді. Дәл осындай роботтар студенттердің қызығушылығын арттыра ала ма деген сұрақтарға жауап іздедік», деді Уильям Барри

Дәріс басталар алдында Bina48 роботының жадына соғыс, саясат, философия  теориялары мен сабақ жоспары туралы деректер жүктелді. Сондай-ақ роботқа интернеттен алынған материалдарды пайдалануға тыйым салынды. Өйткені ол уикипедия мен Стэнфорд энциклопедиясын оңай баяндай алады.

«Біз роботтың сабақ беруі ойын-сауық сипатта өте ме деп ойлаған едік. Алайда дәріс оқу жоспары бойынша ойдағыдай өтті. Студенттер сабақ барысында тақырыпқа қатысты сұрақтар қойды. Ал Bina48 роботы еш қиындықсыз барлық қойылған сұрақтарға жауап берді», дейді зерттеушілер.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Баянғали туралы баян

Руханият • Бүгін, 08:52

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Бүгін, 08:31

Жаңаөзенде жаңа жоба басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:24

Тағзым мен тағылым тоғысқан той

Руханият • Бүгін, 08:19

Экономикада тұрақты өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:06

Краудфандинг қазаққа да жат емес

Қазақстан • Бүгін, 08:00

Ең қысқа әңгіме. Данияр Саламат

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрболат Аманжол

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ерболат Қуатбек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Кеше

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар