Қазақстан • 24 Қазан, 2018

Қазақстандық баскетболшы қыздар Азия чемпионатына қатысады

648 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 қазан мен 3 қараша аралығында Үндістанның Бенгалуру қаласында баскетболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Аталған құрлық додасына Қазақстан қыздар командасы да қатыспақшы, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Қазақстандық баскетболшы қыздар Азия чемпионатына қатысады

Осымен 25-ші рет өтетін сары құрлық сынына қазақстандықтар 2007 жылдан бері қатысып келеді. Алайда, команданың көрсеткіші көңіл қуантарлықтай емес.

Біздің команданың ең жоғарғы көрсеткіші 2010 жылы ғана тіркелген, 6-шы орын. 

Ұлттық құрамаға «Ертіс», «Астана Тайгерс», сондай-ақ, Ақтөбе мен Алматы клубтарында сынға түсетін жас баскетболшылар шақырту алған. 

Азия чемпионатында Қазақстан Гонконг, Сирия және Самоамен бірге В тобында бақ сынайды. 

Еске сала кетейік, Үндістандағы Азия чемпионаты 19 жасқа дейінгі қыздар арасында өтетін әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі саналады.