Аймақтар • 26 Қазан, 2018

Өскеменде 2 қабатты ағаш үй өртенді

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде ағаштан салынған 2 қабатты үй өртенді, ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Өскеменде 2 қабатты ағаш үй өртенді

Ведомство мәліметінше, бүгін таңертеңгі сағат 8-36-да өртке қарсы қызметтің кезекшілік бөліміне Өскемен қаласының Сәтбаев даңғылы бойындағы ағаштан салынған 2 қабатты ғимараттың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнынына сағат 8-43-те өткен өрт сөндірушілер 40 минуттың  ішінде қызыл жалынның алдын алып, ал сағат 10-01-де толықтай өшірген. «Қызыл жалын шарпыған аумақ 200 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өртпен күреске 33 қызметкер мен 11 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр», - деді комитеттен.