Қазақстан • 26 Қазан, 2018

Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері бас қосты

548 реткөрсетілді

Астана қаласында «Азаматтық қоғам және мемлекет: «Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған әлеуметтік бастамаларды іске асыру аясында тиімді ынтымақтастық жасау бағыттары» тақырыбымен VIII қалалық азаматтық форумы өтті. 

Назарбаев орталығында өткен форум жұмысына Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов, сондай-ақ Парламент пен қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері және жастар бірлестіктерінің жетекшілері қатысты.
Жиынды ашқан Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев: «Осыдан 15 жыл бұрын Қазақ­станның азаматтық альянсының бастамасымен елімізде алғаш рет үкіметтік емес ұйымдар өз жұ­мысын бастаған болатын. Осы арқылы мемлекет пен қоғам, азаматтар мен билік арасын­дағы конструктивтік диалогқа, қоғамдық келісім мен татулыққа қол жеткіздік», деді.

Ведомство басшысының ай­ту­ынша, Қазақстанның бұл тәжірибесі халықаралық дең­гейде қолдау тауып отыр. Соны­мен қатар министр мәлімде­ме­сінде ҮЕҰ өкілдері үшін жағым­ды жаңалығын жеткізді. «Форум барысында аталған салаға қатысты жағымды жаңа­­лықпен бөліскім келеді. Астана­да азаматтық бастамалар орта­лығының құрылысы басталды. Одан бөлек әлеуметтік кә­сіп­керлікті дамытуға арналған бірқатар жобалар қолға алынуда. Еліміздің барлық өңірлері бо­йынша әлеуметтік жобалардың карталары жасалады. Жалпы, Астанаға бүкіл республика бо­йынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шамамен 11%-ы келеді», деді министр. 

Бүгінгі таңда ҮЕҰ бойынша Алматы қаласы көш бас­тап тұр. 5300 ҮЕҰ тіркелген, бұл республикадағы барлық ҮЕҰ ¼ бө­лігін құрайды. Астана қала­сын­да 2700 ҮЕҰ тіркелген. Бұл рес­публика бойынша 12%-ды құрайды. 

Президиум мүшесі Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов ҮЕҰ азаматтық қоғамдағы ма­ңыз­ды жұмыстарды атқарушы ғана емес, мемлекеттік әлеуметтік жо­баларды жүзеге асырудағы сенімді серігіне айналғанын айтты. «Бүгінде Астана әкімдігі мен 30-дан астам ҮЕҰ бірлесіп 464 миллион теңгеге 66 әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырды. Бұдан бөлек мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда ҮЕҰ қоғамдық пікірді ескере отырып жұмыс істеу мүмкіндігін туғызады. Сондықтан бүгінгі форумда біз қоғамды дамытуға бағытталған әрбір жоба мен басқа да шешілмей жатқан мәселелерді көтеріп, бірлесіп қарастыратын боламыз», деді Бақыт Сұлтанов.

Астана қаласы әкімінің ай­туынша, бүгінде елордалық ҮЕҰ халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырып жатыр. 

Форум барысында қатысу­шы­лар сұрақ қойып, жиын соңы пікір алмасуға жалғасты. ҮЕҰ үшін гранттар ұсыну, Астана қаласының ҮЕҰ мен азаматтық қоғамға қолдау көрсететін аза­мат­тық бастамаларды қолдау ре­сурстық орталығын құру туралы мәселелерді қарастырған қарар қабылдады. 
Форум соңында 19 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында өт­кі­зілген әлеуметтік жобалар бай­қауында үздік деп танылған қатысушыларды Астана қаласы әкі­мінің орынбасары Ермек Аман­шаев марапаттады. Айта кетейік, қарашаның 27-28 күн­дері Елбасының қатысуымен Рес­пуб­ликалық азаматтық форум өтеді.

Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар