Қазақстан • 26 Қазан, 2018

О дүниемен тiлдескен медиум

1056 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
О дүниемен тiлдескен медиум

Медиумдар, яғни о дүниедегi мәйiттермен сөйлесетiн адамдар адамзат тарихында болған. Ондай оқиғалар спириттiк сеанстар кезiнде, транс жағдайында жүзеге асады. Бұл кәсiп Американы кеңiнен қамтып, Еуропаны шарлап, Ресейге де жет­кен. Ресми ғылым мұны мойындамайды, деген­мен материалистiк көзқарастарға қарсы кү­ресу­шiлер спиритизмнiң мүмкiндiктерiне сенедi.

Үстел басында бiр топ адам отыр. Оның қақ ор­тасында шыны ыдыс төңкерiлiп қойылады да оған жұрт үстелге жанаспайтындай етiп, саусағын тигi­зiп отырады. Оның төңiрегiне әртүрлi әрiптер жазылған. 

Шамалы уақыттан кейiн шыны ыдыстың табағы баяу жылжи бастайды. Оның таяқшасы әрiптердiң тұсына кiдiрiп, одан сөз құрастырылады. Сөйтiп үстел басындағы адамдар «аруақтармен» тiлдесе бастайды. Үстел басында отырып, «о дүниеден» кiм қажет болса, соны шақыруға болады. Бұл iстi о дүние мен бұл дүниенiң арасындағы делдалдар, яғни медиумдар жүзеге асырады. 

Ақылға қона ма? Сенiмдi ме? 

Алғашқы медиумдардың бiрi – ағылшындық Лесли Флинт. Ол 1911 жылы Лондонда туған. 7 жасқа келгенде бойында өзгелерге ұқсамайтын ерекшелiктiң бар екенiн сезедi. Ол үнемi аруақтардың бейнесiн көрiп жүредi. 

1935 жылы ол бiрiншi рет екi мың көрерменнiң алдында сеанс өткiзедi. Сол сәттен бастап оны ғалымдар, психологтер, парапсихологтер, информатика мен электроника мамандары зерттей бас­тайды. Бiрақ бұл саланың мамандарының бiрде-бiрi оны көзбояушы деп айтқан емес.
Кейiн оған Джордж Вурс, ал 1953 жылы Бетти Грик деген медиумдар көмектескен. Олар магнитафон таспасына аруақтардың даусын жазып алып, оны сұрағандарға берiп отырған. Олардың жазбаларын интернет сайттарынан тауып, оқуға болады. 

Бұдан бiршама уақыт бұрын Америкада адам айтса нанғысыз оқиға болды. Лос-Анджелесте аруақтар қолынан медиум Лина Янковиц қайтыс болды. Спиритизмнiң түнгi сеансы кезiнде ол кiсi адам өлтiргiш Уильям Деббстiң аруағын шақырған болатын. Аруақ оған энергетикалық соққы берген. Медиум тiл тартпай кеткен. Дәрiгерлер оған жүрек қабы жарылған деген диагноз қойған.

Уильям Деббс кiм едi? Ол нағыз қанiшер болатын. 1937 жылы бiр үйлi жанды қырып, қолын қанға былғаған. Оның немерелерi мен шөберелерi осы оқиғаны аталарының өз аузынан естiп, не үшiн олай iстегенi туралы сұрамақшы болған. «Бөлме iшi алдымен сондай қорқынышты болып кеттi»,  дейдi қанішердiң 41 жастағы немересi Горетт Ралф, – бiз, туыстар үстелдi жағалай отырдық та, Янковиц ханым ортада отырған. Атамыздың аруағын бiр сағаттай шақырды. Жауап болмаған соң бiз тықырши бастадық. Мен тiптi спиритизм – көзбояушылық деген ойға берiлiп отырғанмын. Аяқастынан үстел бетi буланып кеттi де, мен өзiмдi суық ұрада отырғандай сезiне бастадым. Алдымда тұрған бейненiң атам екенiн бiрден таныдым, себебi бiзде ол кiсiнiң суреттерi көп болатын. Бiрақ жүзi әлем-тапырық, мен бұрын ондайды көрмегенмiн. Денем мұздап кеттi. «Шайтан» болар деген ой басыма сарт ете түстi. Осы кезде «Менiң аруағымды мазалаған адам өлуi тиiс!» деп сұқ саусағымен Лина ханым жақты нұсқады. Медиумның осы сәтте жан даусы шықты да сұлқ түстi. Ол тiлге келмей үзiлiп кеттi. 

Деббс шал тұқымымыздағы жалғыз қанiшер болғандықтан, оның осындай жолға түсуiнiң себебiн бiлгiмiз келiп едi. Янковиц кәсiби медиум әрi жұртқа сонша сыйлы болғандықтан өтiнбес нәрсенi өтiнiп, өкiнiшке қалып отырмыз», дейдi.

Мұны «о дүниелiк байланыс орнатуға болады» деудiң нақты фактiсi деп қарасақ, онда бұл байланыс қалай орнайды?

Бiрiншi болжам былай: өлген адамдардың санасы өрiс ретiнде, екiншi бiр сөзбен айтқанда, ауқымды ақпараттық өрiс ретiнде сақталып қалады да тiрi адамның санасына қосылады. Мұны ғылыми идея ретiнде тұңғыш рет мәскеулiк В.В.Налимов айтқан болатын. Бiрақ бұл қосылыстың механизмi қандай, оны тосын құбылыстарды зерттеушiлердiң бiрде-бiрi айта алмайды.

Екiншiсi, тiршiлiкте өлген адамның ақпараттық өрiсi қалатын болса, онда медиум ерекше талант иесi, ерiк арқылы оны тiрi адамның санасына кванттық деңгейде қосады да ақпарат алмасу жүзеге асады. Бұл болжамды нақтылау үшiн тосын құбылыстарды зерттеушiлер физиктермен бiрлесе жұмыс iстеулерi керек.

Соңғы жаңалықтар