Әдебиет • 26 Қазан, 2018

Атырауда Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығына арналған халықаралық конференция өтті

338 реткөрсетілді

Мұрат Мөңкеұлының 175  жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияға 300  ғылым мен білім өкілі қатысты, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Мұрат Мөңкеұлы мұрасы және туған жер идеясы» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция Х.Досмұхамедов атындағы

Атырау  мемлекеттік университетінде болды. Бұл кездейсоқ емес. Мұрат Мөңкеұлының шығармаларын алғаш зерттеген  Халел Досмұхамедов еді,  ғалым ақынның әдеби мұрасын жинап, өз бағасын берген. Әр жылдары әдебиеттанушылар, ақындар мен жазушылар Мұрат шығармашылығын зерттеумен айналысты. Конференцияға қатысқан баяндамашылар Мұрат Мөңкеұлының әдеби мұрасы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулуда зор маңызға ие екенін атап өтті.

- Бүгінгі конференция мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылып отыр. Еліміздің қалыптасуына үлкен үлес қосқан тұлғаларды насихаттау мақсатымыз. Бабаларымыз кең байтақ қазақ жерін сақтап қалды. Енді біздің міндетіміз жұртшылыққа аталарымыздың ерлік дастанын, ақын-жазушыларымыздың шығармаларын насихаттау. Мұрат Мөңкеұлы Атырау облысының әр тұрғынының жүрегінен орын алады. Біздің ақынымызды,  талантты айтыскерімізді  бәрі білуі керек. Уақыттарын бөліп, осы шараға қатысқан барлық ғалымдарға алғыс айтамын, - деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Бүгін, 12:13

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені

Руханият • Бүгін, 11:14

Екі қола медаль еншіледі

Бокс • Бүгін, 09:57

«Барыстың» қарқыны қатты

Хоккей • Бүгін, 09:52

Кипрді де жеңе алмадық...

Футбол • Бүгін, 09:51

«Қара алтынды» қапысыз ағызған

Қазақстан • Бүгін, 09:44

Қыз әулие

Руханият • Бүгін, 09:34

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Бүгін, 09:28

Екіжақты келісімге қол қойылды

Қазақстан • Бүгін, 09:26

Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя

Қазақстан • Бүгін, 09:10

Жамбылдықтардың жарқын жобасы

Аймақтар • Бүгін, 08:36

Түгел түркіні түгендеген

Әлем • Бүгін, 08:20

Кей өңірлерде ауа райы өзгереді

Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы

Руханият • 12 Қазан, 2019

Сенаторлар сенбілікке шықты

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар