Қазақстан • 29 Қазан, 2018

Елбасы Индонезия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Индонезия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы «Lion Air» әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ барша Индонезия халқына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін», – делінген жеделхатта.